Енді студенттер «Tolem»-мен жолкірені ғана төлемейді...

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті алғашқылардың бірі болып оқу орнындағы қызметтер жүйесін цифрландыруға көшіп отыр. 

Тарқатыңқырап айтар болсақ, осы уақытқа дейін ақпараттық технологиялар саласында бірнеше кәсіпкерді біріктірген «Digital road» қауымдастығының төрағасы Сержан Ақылбаев пен ОҚМПУ-дың ректоры Гүлжан Сүгірбаева өзара ықпалдастықты арттыру жөніндегі меморандумға қол қойды. 

Енді алдағы уақытта университеттегі қызметтер сервисі үздік ІТ модельдері негізінде толықтай цифрландырылатын болады. Яғни студенттер бұдан былай өздерінің Tolem карталарын автобуста ғана пайдаланып қоймайды. Онымен киноға кіріп, кітапханадан кітап алып, жатақхана мен оқу ақысын да төлеуге мүмкіндік алмақ. Бұл – оқу орны аумағын жайлы кампусқа айналдыруға арналған бастамалардың бірі. 

Д.ТОЙЛЫБАЙҚЫЗЫ.  


Пікір қалдырыңыз