«Шұғыла» адамдарды шұғыласына бөлеп келеді

Түркістандағы «Ұлы Дала елі» орталығында «Шұғыла» халықтық мәдени-үгіт бригадасы  «Тәуелсіз ел – Әділетті Қазақстан» атты мерекелік іс-шарасын өткізді. 

Шараның басты мақсаты мәдени салада Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру болып табылады. Мерекелік кешке қала тұрғындары, әжелер қауымы мен студенттер қатысты. Кеште  Түркістан қалалық мәдениет үйіне қарасты халықтық ұжымның әншілері көрермендерге патриоттық әндерден шашу шашса, жас ақындар өз өлеңдерін оқыды.   
Мерекелік концертті ақын Бекарыс Шойбеков, облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Қуаныш Баймаханов салтанатты түрде ашып беріп, шараның маңыздылығын атап өтті. 
Атап айтар болсақ, «Шұғыла» мәдени-үгіт тобы 1977 жылы құрылып, содан бері жемісті еңбек етіп келеді. 
1992 жылы «Шұғыла» халықтық мәдени-үгіт бригадасы атағын алған топ бірнеше қалалық, облыстық, республикалық байқаулардың жүлдегері атанды. 

Ы.САДЫҚ.
Пікір қалдырыңыз