Инфрақұрылым дамыса туризм де дамиды


Елордада VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы ашылды. Сессияның ашылуы барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі. Онда президент бірнеше мәселерге тоқталды. Соның ішінде туризм саласының дамуы жөнінде де сөз қозғады.

Мемлекет басшысы айтқандай, туризмді дамыту – инфрақұрылымды дамытумен тікелей байланысты. Туризм бүкіл әлемде қарқынды дамып келе жатқан салаға айналды. Жыл сайын бір миллиардтан астам адам демалыстарын өткізу, әдеттегі орындарынан тыс көрікті жерлерге барады.

Үкімет туристік инфрақұрылымға инвестицияларды салғанда, оның экономикалық пайдасын ынталандыратын пайдалы шеңбер жасайды, ал екінші жағынан жеке инвестициялар әлеуметтік пайданың жоғарғы деңгейіне жетелейді.

Туристік инфрақұрылым туризмді дамытуға мүмкіндік береді, сондықтан әр туристік бағыт аталған инфрақұрылымға тиімді қызмет көрсете алатындай болуы тиіс. Демек туристке өздерін қанағаттандыратын және жайлы сезінетідей жағдай жасау керек.  Президент атап өткендей, кәсіпкерлерге туризм арқылы мол пайда табудың мәнін ұғындыруымыз керек. Сонда инфрақұрылым мәселесі де біртіндеп шешіледі.

Бастарбек ПІРІМБЕТОВ,

ҚР мәдениет қайраткері.

Пікір қалдырыңыз