Инвесторлар томат пастасы өндірісін ашпақ

Отандық әйгілі «Аллюр» компаниялар тобы» АҚ-ның төрағасы Андрей Лаврентьев, «АгромашХолдинг KZ» АҚ-ның төрағасы Александр Лаврентьев және ресейлік «РусАгро» компаниялар тобының» төрағасы Алексей Богатов облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеровпен Түркістанда томат пастасын өндіретін зауыт салу мәселесін талқылады.
5 мың гектар алқапты қамтитын томат пастасы өндірісі жылына 30 мың тонна өнім беруді көздейді. Инвестиция құны 130 млн. АҚШ долларын құрап, 3000 адамды тұрақты жұмыспен қамтымақ.
Кездесу аясында инвесторларға бос орындар көрсетіліп, облыс әкімінің орынбасары аталмыш жобаның Оңтүстік өңірі үшін аса маңызды екеніне тоқталды, Түркістанда жұмыс істейтін инвесторларға әкімдік тарапынан әрдайым қолдау көрсетілетінін айтты.
Айта кетейік, «Русагро» компаниялар тобы – Ресейдегі ең ірі агрохолдингтердің бірі. «Русагро» қант өндірісінде, егін шаруашылығында және май бизнесінде жетекші орын алады. Бірқатар инвестициялық банктердің нұсқасы бойынша «Русагро» компаниялар тобы ТМД-дағы ең тиімді және тез дамып келе жатқан компаниялардың бірі болып танылған.
Пікір қалдырыңыз