«ЕЛГЕ ЖАНАШЫР АЗАМАТТАРДЫҢ КЕЛГЕНІН ҚАЛАЙМЫН»


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы мәлімдеме жасады. Меңіше, бұл – дұрыс бастама. Президент өткен жылғы Жолдауында осы мәселеге тоқталып, алда сайлаудың өтетінін хабарлаған еді.

Өз басым сайлаудың аралас жүйеге ауысуы демократиялық қоғамның айқын көрінісі дер едім. Осыдан кейін халық өздері сайлаған депутаттары арқылы билікке талап-тілегін жеткізу мүмкіндігіне ие болады. Екінші жағынан, азаматтар мемлекетті басқару жүйесіне белсенді араласа бастайды. Президенттің «Жаңа Қазақстан» құру жолындағы маңызды қадамдарының бірі де осы. Кешегі мәлімдесінде бұл сайлау еліміздегі саяси мәдениеттің жоғары екендігін көрсетіп, қоғамды ұйыстыра түсетінін жеткізді.

Қарапайым халық кез келген сайлаудан әлеуметтік жағдайдың жақсаруын, тұрмысының оңды өзгеруін күтеді. Сол қатарда мен де бармын. Әсіресе, халық арасынан шыққан, елге шынымен жаны ашитын, жұртшылықтың қолдауына ие болған азаматтардың саясат сахнасына шыққанын қалаймын. Егер бұл сәтімен жүзеге асса, басқару жүйесінде үлкен өзгерістер болады.

Иманәлі БАЙДӘУЛЕТ,

XII сайланған Қазақ КСР  Жоғарғы Кеңесінің депутаты, медицина ғылымдарының докторы, профессор.

Пікір қалдырыңыз