ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРҒА ТИМБИЛДИНГ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Түркістан облысының Азаматтық Альянс» заңды тұлғалар қауымдастығының ұйымдастыруымен «Азаматтық қоғамды дамыту, үкіметтік емес ұйымдардың ұйымдастырушылық әлеуетін нығайту, білім базасын кеңейту және олардың кәсіби біліктілігін арттыру» жобасы шеңберінде, «Біркөлік» демалыс аймағында тимбилдинг болып өтті.
«Эмоционалды интеллект: Командалық жұмыстың негізі және әлеуметтік жобалау» тақырыптарында тренинг өткізілді. Тренингтің негізгі мақсаты - ұйымдар арасында ашық бәсекелестік ұйымдастыру, ұйымдардың құзыреттілігін арттыру арқылы кәсіби деңгейді көтеру.
Аталған шарараға, Түркістан облысының қоғамдық ұйымдарының басшылары мен мүшелері қатысты.