«Тақсай ханшайымы» – Түркістанда!

Ысқақ САДЫҚ, «Ońtústik Qazaqstan».

Түркістандағы «Ұлы Дала елі» орталығында «Тарихы  терең Ақжайық, Тақсай ханшайымы» атты көрме өткізілді. Көрмені Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері ұйымдастырды. Айта кетейік, «Тақсай ханшайымы» экспонаты 2012 жылы Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданындағы Тақсай оба-кешенінен табылған. Ол б.д.д ІV-VІ ғасырға тән ежелгі сармат кезеңіне жататын елімізден табылған төрт алтын адамның бірі болып саналады.

Құнды жәдігерді зерттеу жұмыстары Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығында жүргізілді. Тақсай ханшайымының бейнесін Алматы қаласындағы «Остров Крым» ғылыми-қайта қалпына келтіру шеберханасының мамандары ғалымдармен бірлесе отырып қайта қалпына келтірген болатын. 
Екі өңірдің музейлері арасындағы байланыс пен ынтымақтастықты арттыру мақсатында өткізіліп отырған іс-шараның ашылуына Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының басшысы Сайран Дүйсенов, Батыс Қазақстан облыстық тарихи өлкетану музейінің директоры Мирболат Ерсаев қатысты. 
Түркістан облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев келген қонақтарға ыстық лебізін білдіріп, оларға Алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады. Көрме соңында көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын әсем әндер шырқалды.
Пікір қалдырыңыз