Ел ертеңі үшін дауыс бердім

Бүгін жаңа Қазақстанды құрудың алғашқы қадамы жасалатын маңызды күн. Елдегі саяси өзгерістерді қолдап, заңды құқығым аясында жарқын болашақ  үшін Ордабасы ауданы Темірлан ауылындағы №348 сайлау учаскесінен дауыс беруге келдім.
Халықтың тікелей қатысуымен жүріп жатқан референдум - республикамыздың саяси-экономикалық, әлеуметтік ахуалын жаңа арнаға бұрады деп сенемін.
Заңда орын алатын өзгерістер жайлы осы уақытқа  дейін жан-жақты айтылды. Ендігі міндет, әрі маңызды міндет - ел болашағы үшін дауыс беру.  
Мен елімнің ертеңі үшін  және келер ұрпақтың болашағы үшін дауыс бердім.


Дулат ӘБІШ,
Түркістан облыстық мәслихатының депутаты.

#Референдум2022 #ReferendumAMANAT

Пікір қалдырыңыз