Адалдық – адамдықтың ең биік шыңы!

Иә, адалдық деген ұғымның аясы кең. Отанға, адамға, достыққа, кәсіпке деген адалдық осылайша бірінің ізін бірі жалғап кете береді. Бірақ, бәрі сайып келгенде, адамның өз-өзіне деген адалдығынан басталады. Өзіне адал адам өзгені де жамандыққа қия қоймайды.
Бүгін орайы келгенде Отанға, елге, жерге деген адалдық жайлы сөз қозғап көрейік. Мысалы, мен неміс ұлтының өкілімін. Бірақ, бар өмірім Қазақстанда өтіп жатыр. Және жай емес, өзіме лайықты жетістіктерім де бар. Осында туып, осында өстім. Білім алып, қызметке араластым. Отбасын құрып, үбірлі-шүбірлі болып отырмын. Қай мамандықты таңдаймын, кімге үйленемін – таңдауыма қарсы болғандар жоқ. Тек адал болсаң болғаны. Яғни сенің жағдайыңды жасап, бақытты өмір сүруіңе мүмкіндік беріп қойған мемлекетке, оның жергілікті тұрғындарына құрметпен қарау – ең алдымен өзіңді сыйлау болып табылады. Осыншама сый-құрмет көріп отырып, оны бағаламау – нағыз надандықтың белгісі. Бұл – менің жеке пікірім, жеке көзқарасым. Міне, осы көзқарастың дұрыстығы шығар, одан жаман болған жерім жоқ.
Иә, елдің ынтымағы мен бірлігі, тұтастығы мен татулығы жайлы жиі айтылады. Әсіресе, 1 мамыр – Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігі күні бұл сөздер көп насихатталады. Өйткені, бірлігі бекем елдің болашағы жарқын. Бейбітшілік, тыныштық, татулық жайлы қанша айтылса да артықтық етпейді. Өскелең жастар татулық пен тұрақтылықтың, бейбітшілік пен тыныштықтың қадірін жете түсініп өссе, есейген кезде, қызметке араласқан уақытта да үнемі жадында ұстап, елжандылығын, отаншылдығын білдіріп жүреді. Ал, елжанды адамнан ешқашан жамандық шықпайды.
Қазақстан халқы арасында ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы дұрыс бағытпен дамып келеді. Әрине, кейбір мәселелерде кемшін түсіп жатқан тұстары да болуы мүмкін, дегенмен, ондай келеңсіздіктер бертін келе түзеліп кетеді. Ең бастысы, елжандылық пен адалдық болса, қалғанына уақыт емші. Ал, елжандылық пен отансүйгіштікті өскелең жастардың бойына сіңіруде біздің тәрбиеші-ұстаздардың үлес салмағы үлкен екенін ұғынуымыз керек. «Не ексең, соны орасың» деген дана халық бұл жерде тек өсімдікке қатысты ғана ой айтып отырған жоқ, сонымен бірге балалардың тәрбиесі, ұлттың болашағы туралы да тұспалдап тұр. Бұл жауапкершілік біз сияқты мектеп директорлары мен мекеме басшыларына келгенде екі есе арта түскені абзал. Өйткені, өз құзіретіміз аясында біздің елге сіңіретін еңбегіміз де еселене түседі емес пе?! Ал, өз-өзіне адал, кәсібін үлкен жауапкершілікпен сезінетін адам ешқашан өзгенің сеніміне сызат түсірмейді.
Ендеше, адамдығымызды, адалдығымызды алдыға тартып, Қазақстан деген ұлан-ғайыр елдің ертеңі үшін бүгіннен бастап әркім өзінің қал-қадерінше қызмет етуі керек деп ойлаймын. Өйткені, бұл елдің жақсы болуымен біздің өміріміз де, біздің тағдырымыз да, біздің болашағымыз да жақсара түседі.
Станислав МАЙ,
М.Тұрсын-Заде атындағы жалпы орта мектебінің
директоры.
Мақтаарал ауданы.