Шеберлік сағатын өткізді

Түркістан өңірінде бариатриялық хирургияны дамыту жоспары бар. Осыған байланысты облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының қолдауымен Астана медицина университетінің профессоры, ҚР Бариатриялық хирургтар қоғамының төрағасы Орал Оспанов Түркістан қалалық орталық ауруханасында шеберлік сағатын өткізді. 

Шеберлік сағаты барысында  35-55 жас аралығындағы  науқастарға ота жасалды. Мұндай күрделі  ота семіздік пен қант диабетіне шалдыққан науқастарға жасалынады. Ота кезінде үлкейген асқазанның мөлшері кішірейтіліп, тікелей аш ішекке жалғанады. Нәтижесінде науқастардың салмағы қалыпқа келіп, зат алмасу процесі тұрақталады.  Айта кетейік, осы оталарды жасатуға науқастар басқа қалалардан да келген. Отадан кейін науқастар 4-5 күн ауруханада ем қабылдайды. Ал, отаның нәтижесі, яғни салмақтың азаюы, зат алмасудың қалыпқа келуі бір ай көлемінде сезіле бастайды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Пікір қалдырыңыз