Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы облыстық жастар орталықтарының басшыларымен кездесті
Түркістан облысына арнайы іс-сапармен келген ҚР Ақпарат және
қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы
Байманов Шахмардан Асқарұлы областағы жастар ресурстық орталықтарының
басшыларымен еркін форматта кездесу өткізді.
Ордабасы ауданы «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратының
залында өткен кездесуге 17 аудан, қалалық жастар ресурстық орталығының
басшылары қатысып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Жастар саясатына өзгеріс енгізу, NEET санатындағы жастарды
әлеуметтендіру, қоғамдық ортаға тарту, жастарға жұмыс беру бағдарламалары, жас
кәсіпкерлерге қолдау көрсету, Jas Project, Тәуелсіздік ұрпақтары жобасы
аясындағы гранттар туралы, жастардың әскери-патриоттық сезімін көтеру, жастардың
қоғамдық жауапкершілігі, азаматтық борышы, тұрғын үй мәселері талқыланған
басқосуда комитет төрағасы барлық ұсыныстардың ескеріліп, тиісті жұмыстар
атқарылатынын мәлімдеді.
Сонымен қатар, орталық басшылары өскелең ұрпақ қызметіндегі
жетістіктерді сөз етіп, сол арқылы кездесуге қатысушылардың қызығушылығын
артттырып, рухтандыра түсті.
Шахмардан Асқарұлы жастардың ойын тыңдап, Түркістан облысы
жастарының белсенділігі мен ашықтығына оң бағасын берді.
Кездесу қорытындысы бойынша барлық санаттағы жастардың
күрделі мәселелерін қамтитын жастар жобаларын әзірлеу туралы шешім қабылданды.