Үй де салды, көлік те мінді, несиесінен де құтылды

Келес ауданының орталығы Абай ауылында тұратын Гүлнәр Дүйсебаева өз ауласында биогумус өндіріп жатыр. Төрт баланың анасы бұл кәсіпті 2020 жылдың желтоқсан айында бастапты. Гүлнәр небәрі 1 жыл 2 ай ішінде үй салып, несиелерінің барлығынан құтылып, баласына көлік мінгізген.
Жалғызбасты ана өзінің тұрғын үйінің ауласындағы жердің 2 сотығына жылыжай,
4 сотық жерде вермитехнология саласын дамытып отыр. Қазіргі таңда 2 сотық жылыжай қабырғаларына пластик бөтелке (баклашка) бұйымдарын байлап, көкөніс өсіруде. Сонымен бірге қапқа 50% топырақ және 50% биогумус салып, картоп өсіріп, қалған бос жерден биогумус табиғи тыңайтқыштарын өндіруде.
Биогумус – табиғи тыңайтқыш. Оны қолданған кезде өнімділік 25-50%-ға артады. Вермикомпост арқылы жаңбырдың қалдықтары немесе Калифорния құрттары орналастырылып, олардың көбеюі үшін оңтайлы жағдайлар жасалған. Осы арқылы кәсіпкер ана 2 сотық жерден 6 сотық жердің өнімін алып отыр.