Тәрбие мен білім – егіз

2017 жылғы 12 сәуірде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жарық көрді. Осыдан кейін Үкіметте «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудың жоспары қабылданған болатын. Онда осы бағдарламаның 6 мақсаты мен 17 арнайы жобасы және 4 кіші бағдарламасы аясында атқарылатын жұмыстар нақтыланды. Осыған орай 2020-2021 оқу жылында М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың «Есеп және аудит» кафедрасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жүргізілетін іс-шаралар жоспары түзіліп, оның нәтижелері өз жемісін берді.

Мәселен, аталмыш бағдарламаны жүзеге асырудың екі бағыты айқындалып, ол нақты  білім беру мен тәрбиеге негізделді. Осыған орай  кіші бағдарлама негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды. Оны іске асыру үшін оқытушылар, оқушылар, ата-аналар, бизнес-құрылымдар, қоғамдық институттар тартылды. Аталған кіші бағдарламаның басымдықтары жастарды салауатты прагматизмге тәрбиелеуге, алған білімдерін практикада қолдана білуге, сондай-ақ, студенттердің ой-дағдыларын әлемдік білімге қол жеткізуге үндейді.

Қазіргі таңда елімізде үш тілді меңгеру белсенді дамуда, өлкетану жұмыстары кеңінен жүргізілуде, мәдени құндылықтарға көңіл бөлініп, тарихтың жаңа беттері ашылуда. Дәл қазіргі уақыт  жоғары білімді адамның еңбекке ынтасын арттырып, өзін-өзі дамытуға, өзара іс-қимыл қабілетін кеңінен танытуға жағдай жасап отыр.

Елбасы, Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев әлемнің жетекші университеттерінде оқыған  «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі, ең алдымен, оның білім деңгейімен анықталады» атты дәрісінде «білім беруді дамыту – бұл қазақстандық қоғамның рухани және зияткерлік әлеуеті қалыптасатын платформа» екенін ерекше атап өтті. Ендеше, рухани және зияткерлік әлеуетті қалыптастыру барысында біз тек  білім беру бағытын ғана ұстанбай, тәрбие бағытына да жете көңіл бөлсек, Елбасы айтқан  осы платформаны қалыптастыруға өз үлесімізді қосқан болар едік. Бұл экономикалық дамудың қарқыны жоғары оқу орындарында  білім беру мен тәрбие  басты басымдыққа ие болады деген сөз. Рухани жаңғыруды жүзеге асырудың негізі жұмысты жаңа талаптарға сай атқару болса керек.

Сондықтан да «Есеп және аудит» кафедрасы білім алушының жан-жақты және үйлесімді дамыған жеке тұлға болып қалыптасуына мүдделі.

С.АХМЕТОВА, Ж.АЯЗБЕКОВА, М.Әуезов атындағы ОҚУ «Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушылары.

 

 

Пікір қалдырыңыз