140 мыңға жуық адам вакцина салдырды

Түркістан облысында қатерлі індетке қарсы 137 834 адам COVID-19 індетіне қарсы вакцина салдырған. 5 мамырға дейін 6680 адам екпе қабылдаған. Оның 21 414-і медициналық қызметкер болса, 38 508-і педагогтар мен 6139-ы құқық қорғау органдарының қызметкері.

Бұдан бөлек өзге топтағы 47 238 адам бар. Облыста 22 ақпаннан бастап екінші компонентпен (ревакцинация) 28 315 адам вакцина салдырды. Екінші рет екпе қабылдаған медицина мамандары – 14 267, мұғалімдер 9252 болса, құқық қорғау органдарынан – 436, өзгелердің саны – 3167.

Айта кетейік, Түркістан облысының 934 тұрғыны отандық QazVac-ты салдырған. Енді өңір тұрғындары Спутник-V, QazVac пен Hayat-Vax вакциналарын қабылдай алады. Жаңадан жеткізілген Hayat-Vax вакцинасы – қытайлық технологиямен өндірілген араб вакцинасы.

Соңғы тәулікте Түркістан облысында 34 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 0,61%-ды құрайды. Жалпы, облыста пандемия белең алғалы 679 899 ПТР-сынамасы алынған. Ал, соңғы тәулікте зертханаларда 3766 адам тексерілді. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 1200 орын бар, олардың 598-і бос.

Өңірде бүгінде жалпы 23429 медицина қызметкері бар. Оның 5000-нан астамы дәрігер, қалғандары орта буын мамандары. Ақ халатты жандардың ерен еңбегінің арқасында өңірде қауіпті індетті жұқтырған 4901 науқас толық жазылып шыққан. Жалпы, пандемия басталғалы Covid-19 инфекциясы расталған 5523 жағдай тіркелді. Олардың 3569-ында ауру симптомсыз өткен болатын.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің 77-бабына сәйкес, кез келген медициналық ем-шара, оның ішінде вакцина салу тек адамның келісімімен ғана жүзеге асады. Вакцинадан бас тартқандар әкімшілік не қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, екпе егердің алдында сіз арнайы параққа қол қою арқылы вакцинадан бас тартып немесе салдыруға келісім бересіз.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 

 

Пікір қалдырыңыз