Silkway-дегі интеллектуалды сайыс мәресіне жетті

SWIU президенті Ифтихар Бахтиярұлының кубогына арналған интеллектуалды ойын өз мәресіне жетті.

 Silkway Халықаралық университеті және «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен  жоғарғы оқу орындар арасында «Шешен кісі сөз бастар, әділ кісі – ел бастар» атты SWIU президенті Юнусов Ифтихар Бахтиярұлының кубогына арналған қалалық  интеллектуалды ойыны болып өтті.
    Ойын екі кезеңнен тұрды. Ойынның алғашқы кезеңі «Білгенге маржан» деп аталып, бұл кезеңде қатысушылар түрлі салада келген сұрақтарға жауап берді. Ойынның екінші  кезеңіне үздік 8 ойыншы жіберілді. Екінші кезеңде ойыншылар «Kahoot» платформасында өздерінің үздік екендіктерін дәлелдеді.
   Сайыс қорытындысына орай интеллектуалды ойында бақ сынаған 8 университтеттің ішінен ОҚМПУ студенті Ауешов Аманжол 1-орынды иеленсе, осы университетттің студенті Есенгелді Жасұлан 2-орынды қанжығасына байлады. М.Әуезов атындағы ОҚУ студенті Тағыбаев Рахат 3-орынды қанағат тұтты.
   Ойынға Шымкент қаласының барлық жоғарғы оқу орындарынан студенттер қатысып, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
    Интеллектуалды ойында қазылық еткен Гуляим Шунгараева ханымға, «Шымкент-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Қамбар Жани мырзаға және Нұрлыбек Срайылұлына  ұйымдастырушылар атынан зор алғысымызды білдіреміз!
Пікір қалдырыңыз