Кентауда инватакси қызметіне сұраныс артты

ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауына Кентау қаласының тұрғындары да белсенді қатысты.

Қала тұрғындары таңертеңнен сайлау учаскелеріне барып, өз таңдауларын жасады. Учаскеде барлық санитарлық талаптар сақталған және кіреберісте келушілердің дене қызуы өлшеніп отырды.

85 жастағы Тұрғанкүл Үсенованың №39 сайлау учаскесіне келуінің өзі сайлауға қатысушыларды бір серпілтіп тастады. Көпшілік ақжаулықты ананың батасын алды. Ал, Кентау қаласының әкімі Дәурен Махажанов № 89 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Саяси шараға мүмкіндігі шектеулі азаматтар да белсенділікпен қатысты. Бір күнде инватакси қызметіне 300-ге жуық шақырту түскен. Сондай-ақ, қариялар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар үйлерінде дауыс берді.

Ауыл биі, Түркістан облыстық ақсақалдар алқасының мүшесі Жұмағали Бекмұрзаев, Оранғай ауылы ақсақалдарының мүшесі Жакуда Егембердиев және «Дария толқын» ауыл әжелерінен құралған топтың мүшелері сайлау күнін мерекеге балап, ұлттық киімде дауыс беруге келді.

Қайрат ҚУАНЫШБЕКҰЛЫ.

 

 

2 пікір

  • Сарсенбаева
    Сарсенбаева

    Кентау қаласында инватаксиге кезек өте көп заявка қабвлдамайды

  • Сарсенбаева
    Сарсенбаева

    Инва такси кезек өте көп Кентау қаласында келмиді заявка қабылдамайды

Пікір қалдырыңыз