ӨМІРЛІК МАҢЫЗЫ БАР ҚҰЖАТ

Иә, тарих тереңіне үңілсек, халқымыз небір зұлмат замандарды басынан өткерген. Біздің бабаларымыз бен әкелеріміз аңдысқан жаумен аянбай шайқасты, қан кешті.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың дәстүрлі Жолдауын ықылас қоя тыңдадық. Бұл жолы да Президент еліміздің алдында тұрған күрделі мәселелерге кеңінен тоқталды. «Замана сынағы ізден үздіксіз қозғалысты, мықты күш-жігерді және табанды еңбекті талап етіп отыр. Сондықтан еліміздің бақытты әрі жарқын келешегі әр азаматтың қажырлы қызметіне байланысты болмақ. Әр буынның маңдайына түрлі сынақ жазылған. Біз төл тарихымызда тағдырдың түрлі сынағынан әрдайым сүрінбей өттік. Еліміз ең күрделі деген міндеттерді шеше алады. Біз бұған дайынбыз» деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.

Иә, тарих тереңіне үңілсек, халқымыз небір зұлмат замандарды басынан өткерген. Біздің бабаларымыз бен әкелеріміз аңдысқан жаумен аянбай шайқасты, қан кешті. Кешегі зұлмат жылдар қазақтарды аяусыз қырды. «Халық жауы» атанып кеткен әкелеріміз бен ағаларымыздың тағдыры аянышты-ақ. Ал, кешегі Ұлы Отан соғысы қаншама боздақтарымызды жалмады.  Осыларды ой елегінен өткізе отырып Президент «Әр буынның маңдайына түрлі сынақ жазылған» деп нақты да дұрыс айтып отыр.

Қазір де талайлы жұрт тағдырдың қатал сынаңы үстінде тұр. Жаһандану жұмырына жұтылып кетпес үшін  жаңаша ойлап, жалпыұлттық ынтымақ пен өзара қолдауды ұмытпауымыз керек. Әлемдік дағдарысты күрелі әрі ауқымды міндеттерді бірлесе жеңгенде ғана еңсере аламыз.

«Қазақстанның алында тұрған аса маңызды міндет – өнеркәсіптік әлеуетімізді толық пайдалану. Осы саладағы табыстарымызға қарамастан ішкі нарықтарымыздың зор мүмкіндіктерін әлі де толыққанды жүзеге асыра алмай келеміз» деген Президент сөзіне толық қосыламын. Қазақстан – ірі өнеркәсіп орталығы болды. Болып қала береді. Бізде әлемнің кез келген мемлекетінде жасалатын тауар өндәрәлуі тиіс деп ойлаймын. Шегеден бастап ұшаққа, тіпті ғарышқа ұшатын зыымырандарға дейін өзіміз жасауымыз керек. Өзгенің жасап бергені бізге қалқан болмайды. Біз «дайын асқа тік қасық» ұстанымын мүлде ұмытуымыз керек. Өмірге жаңаша көзқараспен қарайтын кезең келді. Бұл – жан-жақты білім, ғылыми ізденістер, сирек мамандық иелеріне көптеп даярлау дегенге де саяды.

Қысқасы, Президент Қ.Тоқаевтың бұл жолғы Жолдауы да жүрек жүрек түкпіріндегі өзекті мәселелерді қозғауымен, өмірлік маңыздылығымен құнды. Бұл құжаттың бағасы да осы.

Бораш МЫРЗАЛИЕВ,

Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық

қазақ-түрік университетінің профессоры,

экономика ғылымының докторы.

Пікір қалдырыңыз