Сапасыз препараттар қолданудан сақ болыңыз

«Түркиядан жеткен 125 тыныс алу аппараты елорда әуежайының қоймасында жатыр»

Әлеуметтік желілерде «Түркиядан жеткен 125 тыныс алу аппараты елорда әуежайының қоймасында жатыр» деген видеоматериал жарық көргені белгілі.

Анығында, ағымдағы жылдың 14 шілдесінде сағат 02.30-да Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына Түркиядан гуманитарлық жүк келген. Шымкент қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің мәлімдеуінше,

жүкті алушылар «СК-Фармация» ЖШС, «Айдын Нуры» қайырымдылық қоры және «Отандастар» қоры болып табылады.

12 тоннадан астам жүктің ішінде дәрі-дәрмектер, медициналық қорғаныс құралдары мен ИВЛ аппараттары бар. Самолеттен жүкті түсіру сол күні таңғы сағат 4.00-те аяқталған. Кейін аталған жүк әуежай қоймасына орналастырылады.

Тауар алушылардың өкілдері сағат 10.00-де осында келген соң жеңілдетілген тәртіпте кедендік рәсімдеу жүргізілген.  10 минуттың ішінде барлық кедендік рәсімдер жүргізіліп, сағат 11.00-лер шамасында  жүк әуежайдан бірнеше партиямен әкетілген.

 Мемлекеттік кірістер комитеті осы орайда сертификаттауға жататын тауарларды әкелу барысында кедендік ресімдеу үшін рұқсатнама құжаттарын ұсыну қажеттігін атап көрсеткен. Себебі біздің азаматтардың өмірі мен денсаулығы медициналық препараттар мен бұйымдардың сапасына тікелей қатысты. Сапасыз препараттар мен бұйымдарды қолдану, пандемия кезінде қосымша қауіп-қатер тудырады.

Мемлекеттік кірістер органдары тауарларды жедел кедендік ресімдеуге күш жұмылдырып отыр және қажетті құжаттар ұсынылған кезде, гуманитарлық көмек дереу шығарылатын болады. Осыған байланысты барлық кеден бекеттері тәулік бойғы режимде жұмыс жасайды, онда қажетті құжаттарды ұсыну жөнінде кеңес беруге көмектеседі.

Мемлекеттік кірістер органдары Кәсіпкерлік субъектілер мен қоғамдық бірлестіктер арасында қандай да бір түсінбеушілік болып жатса кеңес алу үшін  1414 Контакт-орталығына жүгінуге болатынын хабарлайды.

«Оңтүстік»-ақпарат.

 

Пікір қалдырыңыз