«Адал көмекке» жүгінуде

Елде енгізілген төтенше жағдай халық пен мемлекеттік органдарды әлеуметтік оқшаулауға алып келді. Бұл өз кезегінде азаматтар мен мемлекеттік аппарат арасында коммуникациялық кедергілердің туындауына себеп болды.

Осыған орай, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен ел аумағында халыққа құқықтық кеңес беру мақсатында «Адал көмек» жобасы іске қосылды.

Аталмыш жоба Түркістан облысының аудан әкімдері тарапынан барынша қолдау тауып отыр. Аудан басшылары өңір тұрғындарын толғантқан мәселелерді шешу мақсатында әлеуметтік желілер арқылы «тікелей эфирге» шығуда.

Мысалы, жақында Түлкібас және Шардара аудандарының әкімдері онлайн режимде кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтарға қандай қолдау көрсетілетіндігі туралы айтып, көше бойындағы жасыл желектерді күтіп ұстау және санитарлық тазалық бойынша қала тұрғындарының сауалдарына нақты жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Айта кетсек, алдағы уақытта «Адал көмек» жобасы аясында өңіріміздің 16 қала және аудан әкімдері мен 181 ауылдық округ әкімдері әлеуметтік желілер арқылы байланысқа шығып, тұрғындардың сұрақтарына жауап беретін болады.

 

Пікір қалдырыңыз