АвтоХҚО жаңа форматта жұмыс істейді

12 мамырдан бастап Шымкентте автоәуесқойлар үшін мамандандырылған ХҚО жаңа форматта іске қосылды. Енді мамандандырылған ХҚО-ға бару үшін 1414 байланыс орталығы немесе egov.kz сайтындағы арнайы сервис арқылы кезек уақытын алдына-ала брондау қажет болады.

Бұл азаматтардың ХҚО-да көптеп жиналуын болдырмайды және вирусты жұқтыру қаупін жояды, осы ретте қызмет алушылар да өз уақытын үнемдейді. Алдын-ала брондаусыз еш қызмет көрсетілмейді.

Дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін мамандандырылған ХҚО-да автокөлік иелері өз автокөліктерін қайта тіркеп, жүргізуші куәлігін алып, практикалық емтихан тапсыра алады.

Шымкентте барлығы 3 мамандандырылған ХҚО жұмыс істейді. Онда көлік құралын тіркеуге және қайта тіркеуден өткізуге, жүргізуші куәлігін ауыстыруға болады. Жүргізуші куәлігіне қосымша категориялар бойынша практикалық емтихан тапсыру және медициналық тексерістен өту жұмыстары «Достық» шағынауданындағы мамандандырылған ХҚО-да ғана жүзеге асырылады.

Естеріңізге сала кетейік, азаматтар, сондай-ақ электрондық үкімет порталы арқылы жүргізуші куәлігін ауыстырып, автокөлігін қайта тіркей алады.

АвтоХҚО жұмысы тоқтатылған сәттен бастап, төтенше жағдай кезінде онлайн режимінде азаматтарға 600-ге жуық жүргізуші куәлігі берілді және автокөлікті қайта тіркеу бойынша 300-ден астам қызмет көрсетілді.

Анықтама алу үшін:

Жұмыс кестесі: дс-жм, 10.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз.

Мамандандырылған ХҚО мекенжайлары:

№1 мамандандырылған ХҚО: «Достық» ш.а.

№2 арнайы ХҚО: Ташкент айналма жолы, 341.

№3 арнайы ХҚО: «Қызылжар» ш.а., Жиделібайсын көшесі, 92. «Бекжан-комфорт».

 

Пікір қалдырыңыз