Денсаулықтан артық байлық жоқ

Әлемді дірілткен індетпен еліміз де бетпе-бет келді. Оны еңсеру мемлекетімізге, халқымызға оңай болып тұрған жоқ. Тиісті шаралар дер кезінде қолға алынып, тиімді ұйымдастырылуының арқасында вируспен күрестің алғашқы кезеңін артта қалдырдық десек болады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесін ақпарат көздерінен оқып, көпшіліктің кеудесінде үміт оты жылт еткендей. Иә, төтенше жағдай кезіндегі шектеу шараларының алынып тастауы көптен күткен қуаныш. Десек те, «ұзын арқанға кең тұсау салуға» әлі ерте. Төтенше жағдай талаптары алынғанымен, сақтық шаралары жалғасатынын еліміздің бас санитары нақтылап көрсетті. Елімізде той-жиын, бұқаралық, мәдени-спорттық шаралардың өтуіне әлі рұқсат берілген жоқ. Бұл дұрыс деп ойлаймын. Өйткені, індет қаупі толығымен сейілмейінше, тәртіпке бағынуға тиіспіз. Бүгінде төтенше жағдай енгізілген үш айдан бері мәдениет саласының мамандары онлайн режимде іс-шаралар өткізуге машықтанып та алды. Кітапхана қызметкерлеріне де көпшілікпен жұмыс істеу қолжетімді, техникалық мүмкіндіктер бар. Қиындықтың көбі артта қалып, азы қалды деп сенейік. Денсаулықтан артық байлық жоқ екенін бағалайтын сәт туды.

Ұлбике Тұранбаева,

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана директорының орынбасары.


Пікір қалдырыңыз