«Аманат» жұмысын қорытты

Әбдірахман Қыдырбек, «Ońtústik Qazaqstan».

«Аманат» азаматтық платформасының Түркістан облыстық өкілдігі ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында атқарған жұмыстары туралы алғашқы есебін берді. Аталған шараға платформа мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты.

«Жалпы, облыс бойынша 889 сайлау учаскесі болса, оның барлығында дерлік бақылаушылар отырды. Біздің бақылаушыларымыз бозала таңнан кешкі сағат сегізге дейін, сонымен қатар дауыс беру аяқталғаннан кейін хаттама шыққанға дейін жұмыс істеді. Бақылау барысында заң бұзушылықтардың алдын алуда бақылаушылар арқылы онға жуық ескерту жасалды. Сондай-ақ, заң бұзушылықтар бойынша 2 акт түзілді. Сайлаудың өту нәтижесі жайында мобильді капитандарымыз арқылы хабардар болып отырдық. Мұның барлығы да сайлауда заң бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жасалған жұмыстарға саяды» дейді «Аманат» азаматтық платформасы Түркістан облыстық өкілдігінің жетекшісі Бектай Орманов.

Түркістан қаласы.

Пікір қалдырыңыз