«БІЗДІҢ МІНДЕТ – ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ»

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА «БІЗДІҢ МІНДЕТ – ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ» КІРІСПЕ Тәуелсіздікке қол жеткізген кезден бастау алған Қазақстанның қазіргі заманауи тарихында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевпен жарияланған жемқорлықпен табанды және ымырасыздық күрес бағыты республиканың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі мағынасын қалып- тастырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл саясатының базалық бағыттары Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясында, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында белгіленген сыбайлас жемқорлықты іріктеу міндеттерін іске асыру арқылы нақты белгіленген. Бұл ретте, сыбайлас жемқорлықтың көріністерін азайтудың мақсатты нұсқамаларына қол жеткізу алгоритмі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспарлаудың көп деңгейлі жүйесінде бүгінгі күні басты бағдарламалық құжат болып табылатын Қазақстанның 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында көрсетілген. Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды жүйелі және бірізді іске асыру ұлттық тәжірибе ауқымы мен озық халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибелерді тартуды ескерумен өзін-өзі жетілдіру режимінде тұрақты тұрған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың бірегей үлгісін қалыптастыруға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның бірінші кезеңін іске асыру табысты аяқталды, бұл оны орындаудың алғашқы нәтижелерін ұғыну қажеттілігін өзектендіреді. 2015 жылғы 18 қарашада бекітілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының талаптары тұрақты әзірлеуге негіз болған осы жыл сайынғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндамада өзінің көрінісін тапты. Аталған баяндаманы әзірлеу үрдісі, құрылымы және мазмұны «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндаманы дайындау, Қазақстан Республикасының Президентіне енгізу және оны жариялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 154 Жарлығына сәйкестендірілген. Ұлттық баяндаманың мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша практикалық іс-шараларды әзірлеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдірумен Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты және оның таралуының жай-күйі мен үрдісіне объективтік талдау болып табылады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес Ұлттық баяндама сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган жұмысының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басқа да субъектілері (мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің) қызметінің нәтижелері негізінде қалыптастырылады. Баяндама кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады.
1-ТАРАУ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТЫ: НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ МЕН ДАМУ ТРЕНДТЕРІ
1.1. Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты іс-әрекетте: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның бірінші кезеңінің іске асырылу қорытындысы
Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты Тәуелсіздік алған сәттен бастап Бірінші Президент – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың сыбайлас жемқорлықтың бастауын жоюға бағытталған берік жігеріне сүйенеді.
Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының идеологиясы заманауи кезеңде Елбасы алға қойған «Қазақстан - 2050» Стратегиясы және «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберінде қойылған міндеттердің арқасында дамудың қуатты серпінін алды.
Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының басты міндеті болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірыңғай фронтын қалыптастыру Елбасы «Қазақстан 2050» Стратегиясын орындау аясында жолдаған болатын, оның басты мәні мен мағынасы сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы мемлекет және қоғам күштерін біріктіру болды.
1993 жылдан бастап Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының маңызды методологиялық құралы ретінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің пайда болуына әсер ететін себептер мен жағдайларды жүйелі жоюдың бағдарламалық- жоспарлық қатынасы, сонымен бірге мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде сыбайлас жемқорлық көріністерін табанды жою болып табылады.
Қазіргі кезде Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының мақсаттары мен міндеттерін орындауды бағдарламалау және жоспарлау Мемлекет басшысының бастамасы бойынша 2014 жылда қабылданған 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия (бұдан әрі – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия) және оны іске асыру бойынша 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар аясында жүзеге асырылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия, сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдыңғы алты мемлекеттік бағдарламаны орындау тәжірибесін өзіне қабылдап, түбегейлі түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұжырымдамалық басымдықты өзгертті. Онда сапалы жаңа деңгейге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруда барлық стейкхолдерді тарту сұрақтары енгізілді, яғни мемлекеттік органдарды, мемлекеттік сыңайлы сектор, бизнес қоғамдастығы және азаматтық қоғамдастықтар тартылды.
2017 жыл Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның бірінші кезеңін жүзеге асырудың қорытындылаған жыл болды, бұл үш жылдықта Қазақстанда жаңартылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың алғашқы қорытындысын бағалауға мүмкіндік берілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия алғашында оны орындаудың нәтижелігін өз еркімен бағалау және практикалық қорытындыны талдау әділдігін арттыру үшін сыртқы бағалау механизмдерін енгізгенін атап өту керек.
Осы мақсатта 2017 жылда арнайы мониторингтік топ құрылды, оның құрамына үкіметтік емес ұйымдар, сонымен қатар БАҚ, мемлекеттік органдар және «Нұр Отан» партиясы өкілдері енді.
Жүзеге асырылуы келесі бағыттарда жүргізілді: 2015–2017 жылдарға жоспарланған 64 іс-шараның 63 орындалды 1 алып тасталынды (іс-шара ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 19 шілдедегі № 414 қаулысымен жойылды).
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асырудың кейбір нәтижелеріне қысқаша тоқталамыз.
2015 жылғы 18 қарашада Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының қабылдануы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асырудың заманауи нысандары мен әдістерін қалыптастыруда шешуші маңызға ие болды. Аталған Заңның маңызды жаңалығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу шараларын пайдалануға бағыттың, сонымен бірге сыбайлас жемқорлық субьектілері шеңберін кеңейтудің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа нысандарының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру және сақтау, мүдделер қайшылығын болдырмау және шешу, кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет шаралары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық туралы Ұлттық баяндама жасау және жариялау), сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары арасында нақты ажыратулардың енгізілуі.
Жаңа Заңның қабылдануы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жолында да, жаңа заң қабылдауда да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасына түзетудің жаңа бағыттарын айқындатты.
2015 жылғы 23 қарашада қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңын қабылдау маңызды мағынаға ие болды, ол мемлекеттік қызметке ашық конкурстық іріктеу механизмі арқылы меритократия принциптерін енгізу үшін жағдай жасады, біліктілік негізінде мансаптық жоғарылау, қорытынды бойынша еңбек төлемін анықтауды қамтамасыз етті.
Сонымен қатар, биыл қабылданған тұжырымдамалық өзара байланысқан Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» және «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» екі Заңның қабылдануы заңнамалық деңгейде мемлекеттік органдар қызметінің ашықтық пен транспаренттілік принциптерін қоғамдық бақылаудың нәтижелі шараларын анықтаумен белгіледі, ол барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелігін бағалаудың заңды механизмі болды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін (Мемлекеттікқызметшілерініңқызметтікәдепқағидалары) және әдеп бойынша уәкіл туралы Ереже қабылдау мемлекеттік қызметті этикеттендірудің белсенді үрдісінің басталуына және мемлекеттік қызметшінің моральдық-өнегелілік бейнесін нығайтуға негіз болды.
Мемлекеттік, құқық бұзушылық және сот органдарының ұйымдастыру – басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық қауіп-қатері деңгейін төмендету мақсатында заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер және ішкі актілерді қайта қарау бойынша үлкен жұмыс көлемі жасалды, олар сыбайлас жемқорлық көріністері мүмкіндіктерін ықшамдау мақсатында, нақты реттеу ережесін, мансаптық көтерілу және қызмет ету жағдайын белгілеу мақсатында бекітілген.
Құқық қорғау және сот органдарында жасырын құқыққа қайшы әрекеттер, жағымсыз тәуелділік және т.б. анықтау үшін полиграфиялық зерттеулер енгізілді.
Сот процесстерін және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қызметтік іс-әрекетін бейнефиксациялау үрдістерін енгізілуі, олардың тарапынан құқық бұзушылықтарды бақылау үшін жағдай жасалды.
Квазимемлекеттік секторда да сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты ұйымдастыруда салмақты өзгерістер болды. Соның ішінде, ұлттық компаниялар сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспарлар жасап іске асыра бастады, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жасады, айқындықты үлкейтудегі кадрлық саясат принциптерін қайта қарастырды.
Соңғы үш жылда сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік жаңа деңгейге көтерілді және қоғамда сыбайлас жемқорлықты қабылдамау деңгейі күшеюінің маңызды факторына айналды.
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіруде байыпты демеу және әкімшілік үрдістердің сыбайлас жемқорлықтың төмендеуі Қазақстанның экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша Стамбул іс-әрекет жоспары аясында мониторингтік процедураларға белсенді қатысуы болды. Жекелей алғанда, халықаралық сарапшылар атап айтқандай, 2017 жылғы қыркүйек айында 19 ұсыныстан толықтай немесе жартылай 16-сы орындалды, 1-еуі - орындалмады (2 ұсыныстыңорындалуыбағаланбады).
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның бірінші кезеңінің іске асырылуы сыбайлас жемқорлық көріністерінің төмендеуі бойынша мемлекеттік органдар іс-әрекетіне халықтың сенімін айтарлықтай нығайтты.
Әлеуметтік зерттеу қорытындылары Стратегияның орындалуының бірінші жылында-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың әлеуметтік қолдауының өскенін көрсетті.
Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына сенім деңгейі 2015 жылы 57,9% құрады (2013 жылы- 52%), орталық мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына – 64,8%, жергілікті атқару органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына – 51% құрады.
2017 жылы 2015 жылмен салыстырғанда мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына сенім білдірген азаматтар үлесі 17,9%-ға өсті (55,5% -дан 73,4% -ға).
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру жылдарында да сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушіліктің күшеюі айтарлықтай нәтиже берді. Зерттеу қорытындысынан азаматтардың басым көпшілігі (78,8%) сыбайлас жемқорлыққа жағымсыз қарайды. Сауалнамаға жауап берушілердің 43,7%-ы мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуде өзінің жеке үлесін қосуға дайын екендігін білдірді, сонымен бірге сыбайлас жемқорлық іс-әрекетімен жеке қақтығысқанда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қандайда бір белсенді іс-қимыл қабылдауға халықтың 47,2%-ы дайын екендігі анықталды.
Тұтастай алғанда Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асырудың алғашқы қорытындыларын жинақтауда келесіні атап өтуге болады.
Біріншіден, Қазақстан Президенті Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына сенімі деңгейінің күшеюі мемлекеттік билікті әлеуметтік қолдауды айтарлықтай нығайтты.
Екіншіден, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында жүйелі заңды өзгерістер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесінің нығаюы үшін қатаң құқықтық негіздер құрылды.
Үшіншіден, мемлекеттік қызметте, құқық қорғау, сот органдарында, квазимемлекеттік секторда кадр саясатын сапалы қайта қарау мемлекеттік басқарудың кадр корпусындағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету үшін жағдай қалыптастырды.
Төртіншіден, мемлекеттік органдардың қоғамдық бақылауды легитимациямен бірлесіп ашықтықты арттыруды басқарудың мемлекеттік органдармен қабылданатын шешімдерге жауаптылығын жоғарылатты.
Бесіншіден, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларға белсенді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды алға тарту сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілікті күшейтуге мүмкіндік берді.
1.2. Сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша алғашқы заңнамалық актінің жиырма жылдығы, Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының эволюциясы арқауында.
2018 жылдың шілдесінде 1998 жылғы 2 шілдеде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» алғашқы Заңын қабылдаған сәттен 20 жыл толады.
Тарихи тәжірибенің рефлексиясы заманауи үдерістерді түсінудің маңызды құралы болып табылады, сондықтан бұл айтулы күнге жүгіну, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үдерісінің қазіргі таңдағы жағдайын объективті бағалау мақсатында, жақын өткенді ұғынудың қажеттілігін туындатады.
Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты өз бастауын Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 17 наурыздағы «Ұйымдасқан нысандағы қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi күшейту жөнiндегi шаралар туралы» Жарлығынан бастама алады.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев 90-шы жылдардағы тәуелсіздік алған сәттен бастап іс жүзінде жариялаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді күрес, ескі номенклатура, сонымен қатар нарықтық экономиканың қалыптасуының бастапқы дәуірінің жаңа пайда болған «пысықайлары» тарапынан да айтарлықтай кедергілерге тап болды.
Жаңадан қалыптасып келе жатқан тәуелсіз Қазақстан билігіне, шаруашылық күйзеліс пен қиын-қыстау саяси дағдарыс тұрғысында биліктің жаңа институттарын құру бойынша көптеген қиын міндеттерді шешуге тура келді.
Бұл Қазақстанның ұлттық байлықтарына мүдделі, шетелдік капитал ағыны арқылы жаңа қуат көзін тапқан сыбайлас жемқорлықтың таралуы деңгейінде сөзсіз көрініс тапты.
Бұл жағдайларда тек батыл іс-әрекеттер ғана жағдайды күрт өзгертіп, сыбайлас жемқорлықтың етек жаюын төмендету бойынша жолды айқындай алатын еді.
Осылайша 1997 жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті, еліміздің 2030 жылға дейінгі дамуын анықтаушы алғашқы ауқымды стратегиялық құжатын баяндай отырып, маңызды басым бағыттардың бірі ретінде сыбайлас жемқорлықпен батыл және аяусыз күресті айқындады.
«Тұлғалар мен лауазымдарға қарамастан, сыбайлас жемқорлықпен аяусыз күресу қажет, басқару корпусы сөзсіз тазаруы және жаңғыруы қажет». Осы Елбасының сөздері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жүйелік заңнамалық шараларды жүзеге асрыуды бастаған орны болды.
«Қазақстан-2030» стратегиясы іс жүзінде болашақтағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізін салды және Қазақстанның Тұңғыш Президентінің сыбайластықты тежеудегі табысты нәтижелерге қол жеткізуіне шешімділігін нығайтты.
Оның салдарынан, Елбасының бастамасы бойынша 1998 жылдың шілдесінде, посткеңестік кеңістіктегі осындай заңнамалық актілердің алғашқыларының бірі болған ҚР «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңы қабылданды.
«Сыбайлас жемқорлықпен күрес» парадигмасы, сыбайлас жемқорлықты тоқтатуы және оның еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін, сыни көлемдерге дейін тамыр жайдырмауы тиіс, шұғыл және тиімді қарсы іс-қимылдар шараларын қабылдаудың қажеттілігінен туындаған.
Заңды қабылдау сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті мемлекеттің ішкі саясатының дербес саласы ретінде бөлінуінің іс жүзіндегі бастамасы болды.
Бұл үдерістің катализаторы ретінде, 2003 жылы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгi (қаржы полициясы) базасында мамандандырылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес органын құру жолымен аталмыш саясатты институционалды қамтамасыз етуді енгізу болды.
17 жыл бойы қолданыста болған Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» алғашқы Заңы тұрақты түрде жетілдірілді және бұл оған ұзақ уақыт бойына өзекті заманауи шынайылық болып қалуына мүмкіндік берді.
Бұл Заңның тарихи мәні, оның сыбайлас жемқорлықпен күрестің принциптерін, сыбайлас құқық бұзушылықтардың субъективтілігін, сыбайлас жемқорлықпен күресті іске асырушы органдарды, мемлекеттік қызметшілер өздеріне алуға тиіс шектеулерді, қаржылық бақылау шараларын, сыбайлас жемқорлықпен күресте көмек беретін тұлғалардың дербес құқықтарына кепілдік берудің алғашқысы және нақты анықталуында болып табылады.
«Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» алғашқы Заңның қолданыста болған мерзімінде сыбайлас жемқорлықпен күрестің іргетасы қаланды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді тікелей іс-әрекеттің айтарлықтай тәжірибесі әзірленді.
Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сыбайлас жемқорлықты тежеудің одан әрі табысты алға жылжуы, көбіне жұмысына тәуелді болатыны айқын болды, өйткені салдарлармен күрес тек қысқа мерзімді нәтиже береді және сыбайлас жемқорлықпен күрестің ұзақ мерзімділігіне қол жеткізу үшін, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуына салмақ салу қажет.
2012 жылдарда зерттеушілердің атап өтуі бойынша, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар жүйесі 72% қылмыстық қудалаудан тұрған және тек 28% сыбайлас құқық бұзушылықтың және профилактика жасау бойынша шаралар ғана болған.
Сондықтан 2014 жылы Қазақстан Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің концептуалдық негіздерін түбегейлі қайтадан қарастыру бастамасын көтерді, бұл бірінші кезекте сыбайлас жемқорлықты туындататын тереңге тамыр жайған факторларын жоюға бағытталған, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының жаңа кезеңінің бастамасы болды.
Сонымен қатар, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» алғашқы Заңы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың қалыптасуына және табыстылыққа қол жеткізуінде тарихи рөл атқарғанын, сондай-ақ оның нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың заманауи қазақстандық моделінің негізін қаланғандығын, сыбайлас құқық бұзушылықтардың алдын-алудың түрлі нысандарының қабылданғандығын, оның сыбайлас жемқорлыққа шалдыққыштығын төмендету жоспарында заңнаманы жүйелік түзету тәжірибесі әзірленгендігін айта кету қажет.
2015 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, алдыңғы заңның құқық қолдану практикасының таңдаулы тәжірибесін түгелдей алды. Ол жаңа сапалы деңгейде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша инновациялық алдын алу механизмдерін енгізді және Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясында алға қойған, сыбайлас жемқорлық көріністерін түбегейлі төмендету бойынша мақсаттарға қол жеткізу шеңберіндегі сыбайлас жемқорлық саясатының мүмкіндіктерін күшейту бойынша айтарлықтай іргесін жасады.
1.3. Жемқорлыққа қарсы саясаттың қазақстандық үлгісі
Қазақстан Президенті - Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың соңғы 20 жыл ішіндегі жемқорлыққа қарсы идеологиясын жүйелі жабдықтандыру, Қазақстанда жемқорлыққа қарсы ерекше ұлттық іс-қимыл үлгісінің нышаны болды. Бір мезгілдегі жергілікті шындықтарды есепке ала отырып, ол өзіне шет елдердің ең үздік халықаралық тәжірибелері мен тиімді жемқорлықты тежеу тәжірибелерін игерді.
Қазақстандық жемқорлыққа қарсы саясат үлгісінде Қазақстан Президенті негізгі рөл атқарып, оны іске асыруда негізгі басымдықтарды белгілейді, бірінші кезектегі жемқорлыққа қарсы және заңнамалық актілер мен жемқорлыққа қарсы басқада субъектілердің әрекетін мемлекеттік және құқық қорғау органдары бақылайды.
Жемқорлыққа қарсы ұлттық іс-қимыл үлгісі келесі міндеттер шегінде жүйелі қайта құруға негізделеді:
Этика нормаларын сақтайтын, кәсіби мемлекеттік аппарат
«100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының бірінші институттық реформасын, мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңды қабылдаумен, меритократия қағидаттарын барынша қамтамасыз ететін, мансап үлгісіне көшу қамтамасыз етілді.
Осылайша, мемлекеттік қызметке жаңадан келген және еңбек өтілі жоқ үміткерлер, өз кәсіби қызметін жалпы байқау бойынша төменгі қызметтен бастайды. Сонымен бірге, мансаптық алға жылжу, жарысу қағидаттарын сақтай отырып, ішкі байқау бойынша және төменгі қызметтерде еңбек өтілі болған жағдайда жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметке түсу үшін жаңа үш сатылы іріктеу жүйесі енгізілді, ол келесі кезеңдерден тұрады: заң білімі бойынша тестілеу; жеке қасиеттерін бағалау; байқауды жариялаған мемлекеттік органда әңгімелесуден өту.
Көрсетілген шаралар мемлекеттік қызметке қабылданғандар санын 3 есеге өсіруге, кадрлардың алмасушылығын 2 есеге төмендетуге және мемлекеттік қызметшінің ауысуын 18 есеге қысқартуға мүмкіндік берді.
2017 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) орталық мемлекеттік органдар және Korn Ferry Hay Group компаниясымен бірігіп, Факторлы-балды шкала жобасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілді, ол 2018 жылы пилотты режимде Агенттік, Әділет Министрлігі, Астана қаласы әкімдігі және Маңғыстау облысы әкімдігі негізінде мақұлданады. Аталған еңбекақы төлеу жүйесі атқарылатын міндеттердің ауқымын, жауапкершілігі мен күрделілігін есепке алуға мүмкіндік береді және мемлекеттік қызметшілердің қызметінің тиімділігін арттыруда ынталандырушы фактор болады.
Мемлекеттік қызметті әдептендіру мәселесі белсенді түрде алға жылжып келеді және ол орталық және жергілікті мемлекеттік органдар мен әдеп бойынша Кеңесте әдеп жөніндегі уәкілетті тұлға атынан институттық қолдауға ие болды.
Қалыптасқан екі жыл ішінде әдеп жөніндегі уәкілетті институт өз тиімділігін көрсетті, оның енгізілуімен мемлекеттік қызметкерлер және азаматтар әдеп сипатындағы әлеуетті мүдде дауы мен басқа да мәселелер туындаған жағдайда кеңес алу үшін жүгінуге мүмкіндік алады.
2017 жылдан бастап әдеп жөніндегі уәкілетті қызметкерлер дербес жаңа үлгіде жұмыс істейді. Енді олар басқа функционалдық міндеттерден босатылды және дербес мәртебе берілді, бұл олардың жұмысының нәтижелілігін елеулі түрде арттырды.
Әдеп бойынша Кеңеске келетін болсақ, қазіргі уақытта олардың құрамының 60% астам мүшесі – азаматтық қоғам институттарының өкілдері. Бұған қоса, 2017 жылдан бастап 3 ел аймағында пилотты режимде әдеп бойынша Кеңес мүшелерінің дербес жұмысын енгізу бойынша жоба іске асырылады.
Заңның үстемдік құруы және құқықтық мемлекет
«100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыру шеңберінде соңғы жылдары сот жүйесіне маңызды жаңғырту жүргізілді.
Соның ішінде, үш деңгейлі әділ сот жүйесіне көшу жүзеге асырылды, судьяларды іріктеу және оларды тағайындау тәртібінің тәуелсіздігі қамтамасыз етілді, судьялардың жаңа этика кодексі қабылданды, сот ісін жүргізуді және сот істерін бөлуді толық автоматтандыру енгізілді, сонымен қатар барлық сот үдерістерінің үздіксіз бейне жазбасы енгізілді.
Судьяларға үміткерлер енді біліктілік емтиханын тапсырмайды, бірақ полиграфта тексеруден және психологиялық тестілеуден өтеді. Үміткерлердің 5 жыл еңбек өтілі және сот үдерістеріне қатысуы немесе заң мамандығы бойынша 10 жыл еңбек өтілі болуы қажет.
Судьялық корпуста кәсібилікті арттыру үшін, бірінші жұмыс істеген жылдан бастап жылдық тағылымгерлік және кәсіби қызметті бағалаудан өтеді, ал қалған судьялар үшін әр 5 жыл сайын бағалау енгізілді.
Жоғарғы Сот Кеңесі автономды мекеме болды және судьяларды іріктеу және тағайындау бойынша жүйелі жұмысты құрды. Барлық іріктеу кезеңдері БАҚ-та барынша жарияланып отырады, осы үдеріске сонымен қатар Қоғамдық кеңестер тартылды.
Ақпараттық технологияларды енгізу сот ісін жүргізуді біршама жеңілдетуге, азаматтардың әділ сотқа жүгіну мүмкіндігін кеңейтуге, бюрократиялық тосқауылды төмендетуге және процессуалдық байланыстарды азайтуға мүмкіндік берді. Бұған қоса, сотқа берілген талап арыздардың 73,5% астамы «Сот кабинеті» сервисі арқылы жөнелтіледі. SMS-хабарламалар арқылы қатысушыларды электронды түрде жариялау, сот отырысы туралы дер кезінде жарияланбаған шағымдарды қысқартуға және әуресарсаңды болдырмауға мүмкіндік береді.
Сот төрелігінің қызметі қайта құрылған, бұл азаматтарға аталған институтқа судьялар әрекетіне шағым айту үшін, тікелей жүгінуге мүмкіндік берді. Бұдан басқа, Сот төрелігі судьялардың кәсіби қызметіне баға беріп, судьялардың этика Кодексі бұзылған жағдайда, тәртіптік сипаттағы мәселе- лерді қарастыратын болады.
Нәтижесінде, «Сот тәуелсіздігі» көрсеткіші бойынша бәсекеге қаб- ілеттіліктің Жаһандық индексіне сәйкес, Қазақстан 111-орыннан 79-шы орынға (өсу 32 жайғасымды құрады) орналасты. Бұған қоса, «Doing Business – 2018» дүниежүзілік банктің рейтингінде «Келісімшарттардың орындалуын қамтамасыз ету» индикаторы бойынша Қазақстанның сот жүйесі 3 жыл ішінде 29-шы жайғасымға (190 орынның ішінде, 35- орыннан 6-орынға) жылжыды.
Сот жүйесімен қатар, тұжырымдамалық реформаларі ішкі істер министрлігі жүйесінде, Бас прокуратура және қоғамда заң мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін басқа да құқық қорғау органдарымен жүзеге асырылады.
Қылмыстық үдерістерде жазалаурепрессивті әдістер мен айыптаушы көзқарастардан түбегейлі кету жүзеге асырылды. Прокурорлық қадағалау саласындағы түбегейлі өзгерістер – бұл прокуратура қызметінен «жалпы қадағалауды» алып тастау прокуратураның жаңа бейнесі ЭЫДҰ озық тәжірибелеріне жауап береді және адамның құқығы мен бостандығын қорғау және оны қалпына келтіруді, сонымен қатар қылмыстық үдерістің заңдылығын басым етеді.
Жергілікті полициялық қызметті құру арқылы міндеттерді орталықтандыру аса маңызды оқиға болды және ол үшін жергілікті атқарушы органдары уәкілетті болып саналады. Онлайн-карталар жасалды, ол арқылы азаматтар әр аймақта қылмыс бойынша барлық статистиканы, сондай-ақ мемлекеттік органға келіп түскен өтініштерді көріп отырады. Құқық қорғау органдарында рекрутинг жүйесі де өзгерді. Енді құқық қорғау органдарындағы қызметшілер, барлық мемлекеттік қызметкерлер сияқты, іріктеуден өтеді.
Мемлекеттік институттардың ашықтығы, транспаренттілігі және есеп берушілігі
Қазақстанда есеп беруді қалыптастыру бойынша бесінші институционалдық реформа аясында «Ашық үкімет» электронды платформасы құрылды.
Бес қоғамдық деректер порталынан тұратын «Ашық үкімет» электронды платформасын құру, әрбір азаматқа бюджет шығысы туралы ақпаратқа қол жетімділігін қамтамасыз етуге, нормативтік актілердің жобаларын талқылауға, кеңестер мен шағымдар бойынша онлайн жүгінуге, сондай-ақ мемлекеттік органдардың тиімділігін ашық бағалауға мүмкіндік берді.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдаумен азаматтық қоғамға мемлекеттік органдардың қызметін қоғамдық бақылауға қатысу үшін кең мүмкіншіліктер берілді.
2017 жылдың қорытындысы бойынша тұрақты негізде 229 қоғамдық кеңес жұмыс істейді. Республикалық деңгейде және облыстар деңгейінде, Астана және Алматы қалаларында - 16, ал қалаларда және аудандарда - 197 кеңес бар. Қоғамдық кеңестердің жұмысына 4 мыңнан астам адам қатысады, олардың 75% - азаматтық қоғам өкілдері.
Қоғамдық кеңестерде тек әкімдердің ғана емес, сондай-ақ әр түрлі деңгейдегі мемлекеттік органдардың басшылары есеп беруінің тұрақты тәжірибесі енгізілді.
Сонымен қатар, кеңестер қоғамдық көліктің жұмысы, су құбырларының жағдайы, тұрғын үй құрылысы, жолдарды жөндеу, ПИК қызметі, негізгі тауарлардың бағаларының мониторингі секілді мәселелерге тұрақты қоғамдық мониторинг жүргізеді.
Мемлекеттік органдар қабылдаған шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етудің тиімді механизмдерінің бірі нормативтік құқықтық актілердің барлық жобаларын қоғамдық кеңестердің қарауы болып табылады. Осылайша, нормативтік құқықтық актілерді әзірлейтін әрбір мемлекеттік орган оларды қоғамдық кеңестің қарауына тапсыруға және ескертпелерді ескеруге міндетті.
2015 жылда құрылған кезден бастап қоғамдық кеңестер халық пен мемлекеттік органдардың байланыстары үшін тиімді және конструктивті алаңға айналды, бұл экономикалық, сондай-ақ және әлеуметтік сипатты проблемалық мәселелерді жедел қарауды және сапалы шешуді қамтамасыз етеді.
Сервистік мемлекет
Мемлекеттік қызметтердің сапасын көтеру және қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру мәселелері Қазақстанда жүргізілетін жемқорлыққа қарсы саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып табылады.
2017 жылы электрондық үкіметтің инфрақұрылымы арқылы Қазақстан азаматтарына 34 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді, ал электрондық үкімет порталының тіркелген қолданушылардың саны 7 миллионға жетті.
ХҚКО-ны трансформациялау шеңберінде электронды кезек енгізілді, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері біріктірілді, өзін-өзіне қызмет көрсету, құжаттарды қабылдау және беру секторлары қайта бөлінді, жұмыс күні ұзақтығы ұлғайтылды.
Бүгінгі күні «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының қызметі азаматтар үшін «клиентке бағдарланған», ашық және «кедергісіз» қызмет қағидаттарына негізделген.
Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру деңгейін арттыру нәтижесінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың тікелей байланыстары азайды, осылайша сыбайлас жемқорлық көріністерін тудыратын жағдайларды азайтуға мүмкіндік береді.
Қызметтердің 49% қазіргі уақытта онлайн режимінде, ал кәсіпкерлерге берілетін барлық лицензиялар мен рұқсаттар тек электронды түрде беріледі, «бір терезе» қызметтерінің барлығының 23%-ы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылады.
Алдағы бірнеше жылда мемлекеттік қызметтердің 90% электрондық форматқа көшіріледі, ал қалған 10% Еуропа тәжірибесі мен әлемнің дамыған елдерінің тәжірибесіне сәйкес «бір терезе» қағидаты бойынша іске асырылатын болады.
Жалпы, мемлекеттік қызмет сапасын жақсарту бойынша жүйелі шаралар тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деңгейінің үштен екі бөлігіне қысқартуға мүмкіндік берді.
Қазақстандағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі прогресс және халықтың оларды көрсету сапасына қанағаттануының артуы халықаралық бағалауменде расталатынын атап өткен жөн. Мысалы, БҰҰ-ның «электрондық үкіметті» дамыту бойынша рейтингінде Қазақстан әлемнің 190 елінен 33-ші орынға, Дүниежүзілік банктің бизнесті жүргізу жеңілдігі рейтингінде - 190 елдің ішінде 36-шы орынға ие болды.
Осылайша, Қазақстан Президенті - Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев белгілеген сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың өзекті міндеттерін жоспарлы түрде іске асыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімді үлгісін құруға мүмкіндік берді.
Оның негізіне Елбасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы идеологиясы, тұрақты түрде жетілдірілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, институционалдық қамтамасыз ету (сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша уәкілетті органды қоса алғанда), стратегиялық тексерілген тұжырымдамалық негіздеме (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия), сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны көп деңгейлі жоспарлауы салынған (тұжырымдамалық негіздеме, сыбайлас іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары, ведомстволық және өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспарлар).
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қазақстандық үлгісі заң үстемдігі, ашықтық, айқындық және есеп берушілікке негізделген мемлекеттік қызметті, құқық қорғау және сот жүйелерін жаңғырту және этизациялау арқылы мемлекеттік биліктің барлық вертикалды жүйесін жүйелі реформалауға бағытталған.
2-ТАРАУ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ДЕҢГЕЙЛЕРДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ТАРАЛУ ҮРДІСТЕРІ МЕН ЖАЙ-КҮЙІ
2.1. Халықаралық деңгейде сыбайлас жемқорлықты өлшеу
Сыбайлас жемқорлық қоғамның жаһандық өткір мәселесі болып табылады және барлық әлемнің елдерінде дерлік таралған.
Әлемдегі жемқорлық деңгейінің көрсеткіші "Жемқорлықты қабылдау индексі" (бұдан әрі – ЖҚИ), Трансперенси Интернешнл (бұдан әрі – ТИ), халықаралық рейтингтік ұйыммен жасалатын, сыбайлас жемқорлықтың таралу деңгейін зерттеу саласында ең беделді бағалау жүйелерінің бірі болып табылады.
Шет елдерде және Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтың жай-күйін салыстырмалы талдау үшін 2012-2017 жылдарға арналған елдік топтар бөлінісінде ЖҚИ деңгейі қаралды:
- дамыған елдер;
- ТМД және Балтық жағалауы елдері;
- азия елдері;
- мұнай өндіруші елдер және т.б.
Мұндай құрылымдау мақсатында дамыған және салыстырмалытүрде дамушы елдерге қатысты Қазақстанның жетістіктерін бағалау болып табылады.
Қазіргі уақытта, әлемнің көптеген елдерінде сыбайлас жемқорлықтың таралу деңгейін ұлғаю үрдісі байқалады, әсіресе, тұрақты экономикалық дамуға қол жеткізген елдер.
ЖҚИ нәтижелері бойынша 2017 жылы рейтинг жинағына енгізілген 180 елдің 126-сі 100-дің 50 баллдан кем жинаған, 53 ел - 30 балдан кем жинаған, ол сыбайлас жемқорлықтың жоғары деңгейге сәйкес екенің көрсетеді.
Сыбайлас жемқорлықтың ең өткір мәселесі кемінде 15 балл жинаған Сирия, Сомали, ОңтүстікСуданелдері болып тұр. 80 балл жинаған елдер, жемқорлықты қабылдаудың өте төмен деңгейін көрсетеді, бұл негізінен дамыған елдер болып табылады. Аталған топқа Дания, Жаңа Зеландия, Финляндия, Швеция, Швейцария, Норвегия, Сингапур, Канада және Германия кіреді.
Рейтинг нәтижелері сыбайлас жемқорлықтың және елдің даму деңгейі арасындағы белгілі бір байланыстың болуын көрсетеді. Елдердің 40 пайыздан астамы ЖҚИ шкаласы бойынша кемінде 30 балл жинаған табысы төмен елдің топтарына Дүниежүзілік банкімен жатқызылды.
Сонымен қатар, экономикасының дамуы төмен кейбір дамушы елдер сыбайлас жемқорлыққа ойдағыдай қарсы тұрады және әл-ауқат сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың қажетті алғышарты болып табылмайтынын дәлелдейді.
ЖҚИ көрсеткендей, әлемде сыбайлас жемқорлықтың таралу үрдістерінің талдауы мәліметтерге сәйкес соңғы бес жылда, табысы төмен елдерде сыбайлас жемқорлықтың деңгейі айтарлықтай төмендегені анықталған. Бұны Мьянма, Пәкістан, Индонезия, Албания, Парагвай, Суринам және Лаос мысалында көруге болады.
Осы мезетте, Испания, Австралия, Оңтүстік Корея сияқты дамыған елдерде, соңғы бес жылда сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінің айтарлықтай төмендеуі айтылды. Бұл өз кезегінде рейтингте жоғары орындарда тұрған экономикалық жағынан табысты елдер де, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ахуалы үшін үнемі күш - жігерін қолдау қажетілігін көрсетуде.
Көптеген дамыған елдер жеткілікті жоғары ЖҚИ ұпай санын алғанына қарамастан, кейбір мемлекеттерде сыбайлас жемқорлық дауының саны артып келеді.
ТИ жоғары лауазымды саясаткерлерге қатысты тергеу топтамасы өткен, экономикалық тұрғыда қолайлы ел ретінде Түркия елінде сыбайлас жемқорлық оқиғалары күрт жиілеп кеткені туралы атап көрсетеді.
Соңғы жылдары сыбайлас жемқорлықты қабылдау денгейінің едәуір жақсаруы Польша, Чехия, Черногория, Косово, Румыния, Словакия және Хорватия Шығыс Еуропа елдерінде көрсетілген. Бұл факт азияеуропалық елдері озықтық үрдісін көрсетті және сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған Еуропалық Одаққа кіру айтарлықтай оң әсерін берді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларды іске асырудың тиімділігі мен дәйектілігі тұрғысынан, соңғы жылдары осындай табысқа Бенин, Сенегал, Кот-д'Ивуар, Буркина-Фасо африка елдері жеткен. Бұл елдерде сыбайлас жемқорлықты азайтудың негізгі факторлары ретінде келесі реформалар болды:
- бір мезгілде мемлекеттік қызметшілер санын қысқартып, жалақысын өсіруі;
- мемлекеттік басқару жүйесін оңтайландыру;
- тиімді және тәуелсіз сот жүйесін құру;
- непотизммен қүресу;
- бақылау және қадағалауды күшейту, есеп берушілік жүйесін дамыту.
Осындай нәтижелер, Африкада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес арқасында қол жеткізген озықтықты көрсетеді және ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы саяси жігері болып табылады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалары сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін төмендетуіне сөзсіз әсер етеді.
Жалпы озықтыққа қарамастан, Африкада сыбайлас жемқорлықтың таралу деңгейі жоғары болып қалуда. Сыбайлас жемқорлық кесірінен жылдық шығындарының жиынтығы барлық елдердің шамамен төрттен бірі ЖІӨ немесе 148 миллиард АҚШ долларын құраған.
Сыбайлас жемқорлық БРИКС елдерінде де күрделі ауқымда дамуда – Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, ОАР. Сыбайлас жемқорлық мәселесі мұнда негізгі кілті болып табылуда және бұл елдерде одан әрі экономикалық күшейту жолындағы кедергілерді қояды. ЖҚИ сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәжірибелермен жүйелі күресу бөлігінде, БРИКС елдері көшбасшылардың ішінде болған емес.
ТИ сарапшыларының пікірінше, сыбайлас жемқорлық елдің дамуына қажетті әлеуетінен айырады. Бұл туралы ЖҚИ рейтингінде төмен иеленген, мұнай қорларына бай елдердің: Ангола, Эквадор, Иран, Нигерия, Венесуэла, Йеменрейтенгісі куәландырады.
Бұл елдерде мемлекеттік келісімшарттар жүйесін жасау мұнай өндірушімен байланысты, сыбайлас жемқорлықпен байланысты, нәтижесінде өндірістегі және мұнай сатудағы үлкен табыс үлесі батыс мұнай компаниялары менеджерлерінің, делдалдар мен жергілікті шенеуніктердің қалтасына салынады.
Терең дағдарыс кезеңде елдер, әскери немесе әскерден кейінгі кездегі іс-әрекеттерімен байланысты, сондай-ақ елеулі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес проблемаларын бастан өткізуде. Олардың арасында Ауғанстан, Ирак, Сомали, Судан, СирияжәнеЛивия.
ТИ сарапшыларының пікірінше, елдің қақтығыстарды үшін төлеген, бұл айтарлықтай төмендеуімен сапасын басқа?