34 907 ТҮЛЕК ГРАНТ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

Білім гранттарын бөлумен айналысатын республикалық конкурстық комиссия 34 907 талапкерді таңдап алды. Бұл туралы ҚР БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.

Комиссия құрамына мемлекеттік органдардың өкілдері, Ұлттық “Атамекен” кәсіпкерлер палатасы, жоғарғы оқу орындары ассоциациясы, ректорлар кірген. Жұмыс қорытындысы бойынша 34 907 талапкер грант иеленген, оның ішінде медициналық мамандықтарға 3794 грант бөлініп отыр. “Алтын белгі” иегерлері – 4664, ата-ана қамқорлығынсыз қалған және жетім балалар – 551, мүгедектер – 367, соғыс ардагерлеріне теңестірілгендер – 42 грант иеленген. Сондай-ақ, алғаш рет болашақта ағылшын тілінде физика, химия, биология және информатика пәнінен сабақ беретін мұғалімдерді дайындау үшін 642 білім гранты қарастырылған. stan.kz

Пікір қалдырыңыз