Ұлтжанды ұрпақ – ел болашағы!
Қазақ халқының рухани эстетикалық мәдениетінің аса бір
құндылығы ретінде ана тілі мен сөз өнерін айтуға болады. Бүгінгі таңда жас
ұрпақты ұлттық құндылықтарға баули отырып тәрбиелеудың маңызы зор. Себебі,
ұлтжанды ұрпақ еліміздің болашағы болып саналады.
Бастауыш сынып оқушыларының
ұлттық құндылық бағдарын қалыптастыруда төмендегідей міндеттердің жүзеге асыруы
тиіс. Жас жеткіншектерге уақыт талабына сай қоғамымыздың саяси дамуына жауап
беретін ұлттық құндылықтар жөніндегі таным-түсініктерінің жиынтығын меңгертуіміз
керек. Оқушыларды өздерінде қалыптасқан дүниетанымдық қағидалар негізінде
қоғамның әлеуметтік құндылықтарын бағалауға, бастауыш сыныптың оқу-тәрбие
үдерісінде ұлттық құндылықтарды меңгеруінің нәтижесі ретіндегі оқушылардың
әлеуметтік құнды біліктіліктерін қалыптастыруға әректтенген жөн. Жастар ұлттық
құндылықтарды бойына сіңіру арқылы туған жерін, ана тілін, отбасы құндылықтарын
құрметтейтін болады. Салт-дәстүрді, мемлекеттік рәміздерді, тарихи тұлғаларды
көбірек насихаттау арқылы отанға, елге деген сүйіспеншілігін оятып, танымдық
білімін арттыруға болады.
Иә, мектеп табалдырығын жаңа
аттаған кішкентай шәкірттердің өз халқының ұлттық құндылықтарын саналы түрде
түсініп, қабылдауына, салт-дәстүрлерін қадір тұтып, елін сүйетін, рухы жоғары
азамат етіп қалыптасуына бастауышта алған білімінің бюерері мол. Өйткені,
танып-білуге құштар бала жастайынан нені көбірек оқыса, соған қарай бой
түзейтін болады. Сол үшін жас жеткіншектерге ұлттық құндылықтарды түсіндіруден
жалықпауымыз керек.
Айнаш МЫРЗАДИЯРОВА,
М.Нұрбаев атындағы мектеп
директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Жетісай ауданы.