Қазығұрттағы жағдай бақылауда


Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Қазығұрт ауданындағы нөсер жаңбыр салдарынан су жиналған аулалар мен үйлерді аралап, тұрғындармен тілдесті. Жауын-шашын салдарын жою бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, жауапты сала мамандарына тиісті тапсырмалар берді.
Бұл жұмыстарға 9 арнайы техника және 150-ден астам адам тартылған. Жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдайлар қызметінің мамандары 11 тұрғын үйдің ауласы мен оған іргелес көшелерді лай-батпақтан тазалау жұмыстарын жүргізді.
Қазіргі таңда Қазығұрт ауданындағы жағдай тұрақты. Адам шығыны мен тұрғын үйлердің қирауы тіркелген жоқ.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Пікір қалдырыңыз