Мемлекет басшысы «БРИКС плюс» саммитіне қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Делиде «аутрич»/«БРИКС плюс» форматындағы пленарлық отырысқа қатысып, сөз сөйледі. 
Жиын «Орнықтылықты, инновацияны, ынтымақтастық пен тұрақтылықты нығайту» тақырыбына арналды.
 Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС саммитінде бірқатар маңызды кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Нью-Делидегі БРИКС саммиті аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен, Малайзия премьер-министрі Ануар Ибрагиммен, Вьетнам премьер-министрі Ле Минь Хынгпен, Бурунди президенті Эварист Ндайишимийемен, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесуспен, Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаламен, Таиланд премьер-министрінің орынбасары Сихасак Пуангкеткеомен кездесті.
Кездесулер барысында түрлі саладағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасы, сондай-ақ халықаралық құрылымдар аясындағы ықпалдастық мәселелері талқыланды.
Пікір қалдырыңыз