ТЕКСЕРУЛЕРДІҢ АШЫҚТЫҒЫ МЕН БАҚЫЛАУДЫҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Президентіміз
Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурорға кәсіпкерлерді заңсыз қылмыс элементтері мен
заңсыз тексерістерден қорғау мәселесін қатаң тапсырған болатын.
Осы бағытта
Құқық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның құрылымдық
департаменттері де жоғары деңгейде үлес қосуда.
Ағымдағы жылы
Комитеттің Шымкент қаласы бойынша департаментімен жеке кәсіпкерлік
субъектілеріне қатысты 1250(1068) тексеру
тіркеліп, өткен жылдың 5 айымен салыстырғанда 17%-ға өскен.
Ең көп тексеру салық
органдары (323), санитариялық бақылау (168), сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау (159), еңбек инспекциясы органымен (126) жүзеге асырылған.
Соңғы жылдары департаментімізбен
жүргізілген бақылау және қадағалау шараларының арқасында 300-ден астам заңсыз
тексерістер анықталып, есепке қойылған. Бұл саладағы жұмыс департаменттің басты
назарында.
Қазіргі заманда
мемлекеттік бақылау жүйесінің басты талабы – ашықтық пен заңдылық. Кәсіпкерлер
үшін ең маңызды мәселелердің бірі – жоспарланған тексерулер туралы уақытылы
ақпарат алу. Осы мақсатта Qamqor.gov.kz ақпараттық жүйесі және оның мобильді
қосымшасы іске қосылған.
Бұл жүйе
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы тарапынан әзірленген және
еліміздегі бақылау‑қадағалау органдары жүргізетін тексерулердің бірыңғай
тіркелімін қалыптастырады. Яғни, кез келген тексеру осы жүйеде тіркелмейінше
заңды күшіне ие болмайды.
Мобильді
қосымшаның басты артықшылығы – қолжетімділік. Кәсіпкерлер немесе азаматтар
смартфон арқылы бірнеше секунд ішінде белгілі бір кәсіпкерлік субъектісіне
қатысты тексеру жоспарланған-жоспарланбағанын тексере алады. Ол үшін ұйымның
атауын немесе БСН нөмірін енгізу жеткілікті.
Қосымшада келесі
мәліметтерді көруге болады: тексеруді жүргізетін мемлекеттік орган; тексерудің
негізі; тексерудің басталу және аяқталу мерзімі; тексерудің түрі.
Бұл механизмнің
енгізілуі кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға үлкен ықпал етеді. Себебі кей
жағдайларда бақылаушы органдар тарапынан заңда тіркелмеген немесе негізсіз
тексерулер жүргізу әрекеттері кездесуі мүмкін. Ал егер тексеру жүйеде
тіркелмесе, кәсіпкер оның заңдылығына күмән келтіріп, тиісті органдарға
шағымдана алады.
Сонымен қатар,
бұл жүйе мемлекеттік органдардың жауапкершілігін де
арттырады. Әрбір тексеру цифрлық
тіркеуден өтетіндіктен, бақылау‑ қадағалау қызметінің ашықтығы қамтамасыз
етіледі.
Сарапшылардың пікірінше, мұндай цифрлық
құралдар кәсіпкерлік қызметке әкімшілік қысымды азайтуға және бизнесті қорғауға
бағытталған маңызды қадам болып табылады. Бүгінде цифрландыру тек ыңғайлылық
емес, сонымен қатар құқықтық кепілдіктің бір түріне айналып отыр.
Қорытындылай келе, Qamqor.gov.kz мобильді
қосымшасы мемлекеттік
бақылау
жүйесін ашық, түсінікті және қолжетімді етуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде заң үстемдігін нығайтып,
кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара сенімді арттыруға ықпал
етеді.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы есепке
алу жөніндегі комитетінің
Шымкент қаласы бойынша департаменті