Кентау экологиялық аймақ болып танылды

Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған заңға сәйкес, Кентау қаласы мен оған қарасты ауылдар экологиялық аймақ санатына енгізілді.

1 шілдеден бастап заң күшіне еніп, қаланың мәртебесі ресми түрде өзгертілді. Бұл – жылдар бойы көтеріліп келген өзекті мәселенің нақты шешімі.
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев Кентауға жасаған сапары барысында тұрғындармен кездесіп, осы жағымды жаңалықты ресми түрде хабарлады.
Кездесуге Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов, Кентау қалалық мәслихатының депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен тұрғындар қатысты.
Енді Кентау қаласы экологиялық аймақ ретінде мемлекет тарапынан қосымша қолдаулар мен жеңілдіктерге ие болады. Бұл – қаланың әрі қарай дамуына серпін беріп, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам.
Пікір қалдырыңыз