Сіз білесіз бе?

Әлемде ресми астанасы жоқ екі мемлекет бар екен. Оның бірі – Швейцария, екіншісі – Тынық мұхитындағы Науру аралы.
Швейцарияның бейресми астанасы – Берн қаласы. Ол тек федералды маңызы бар қала. Сондай-ақ, Науру штатында да осындай жағдай. Жер көлемі 21 шаршы шақырымдай болатын Науруда астана салатын жер жоқ. Халқы 15 мыңнан әрең асады.
Науру – Тынық мұхитының шығысында жатқан шағын арал мемлекет. Аралды 18 ғасырда ағылшындар ашқан. Алайда, Науру голландтардың отарында болып, 1920 жылы Ұлыбританияның қарамағына өтті. Ал, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Жапонияның қол астына өтіп, 1968 жылы тәуелсіздігін алды. Елдің ресми астанасы жоқ болғанымен арал әкімшілігі Ярен округінде орналасқан.
Ал, Танзания мемлекетінің екі астанасы бар. Танзанияның тарихи астанасы Дар-эс-Салам мемлекеттің әкімшілік орталығы болса, Додома заңды астанасы.
Иерусалим қаласы бір емес, екі мемлекеттің астанасы. Иә, иә, Израиль және Палестина мемлекетінің астанасы Иерусалим болып табылады.
Үндістанның Джамму және Кашмир штатының екі маусымдық астанасы бар. Джамму және Кашмир біріккен штаты. Джамму қазаннан наурызға дейін «қысқы астана» болса, Сриганар наурыздан қазан айына дейін «жазғы астана» рөлінде. Себебі, Джаммуда қыста ауа райы қолайлы болғандықтан, қала қысқы астана болып есептелген.
Нерульмуд деп аталатын Палау астанасында орманның ортасында орналасқан бірнеше үкіметтік ғимараттардың капитолиндік кешенінен басқа ештеңе жоқ. Қала шағын, халқы аз болғанымен, бірақ, қалашық емес. Себебі, мұнда маңызды мемлекеттік ғимараттар бар.