Қоғамды еркін ойлы қаламгерлер дамытады

Құрметті журналистер! 
Қадірлі ардагерлер!
Сіздерді Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Мемлекеттің дамуы үшін ақпарат құралдарының маңызы айрықша. Бұл ретте Түркістан өңірінің журналистері бәсекеге қабілетті. Халық пен билік арасындағы «алтын көпірге» айналған БАҚ өкілдері қашанда құрметке лайық.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Журналистерге айрықша сенім мен зор жауапкершілік жүктеледі. Журналистің ағартушылық миссиясы алдыңғы қатарға шықты. Кез келген ақпаратты мұқият елеп-екшеп, жұртқа дұрыс жол көрсету өте маңызды» деген болатын. 
Осы сенімді ақтап, Мемлекет басшысының реформаларын жүзеге асыруға қосқан үлестеріңіз үшін Сіздерге зор алғысымызды білдіреміз. 
Біз БАҚ арқылы қоғамдағы проблемаларды біліп отырмыз. Коммуникацияның заманауи үлгісі жедел шешім қабылдауға тікелей ықпал етеді. Сөз бостандығының жемісі – осы. 
Биыл облыс орталығының Түркістанға көшірілгеніне 7 жыл толды. Қысқа уақыт ішінде өңір үлкен өзгерістер мен даму жолынан өтті. Бұл өзгерістерге журналистер үлкен үлес қосты. Сіздер Түркістанның жаңғыруын халыққа жеткізіп, заң мен тәртіпті сақтау жолында маңызды рөл атқарып келесіздер. 

Қадірлі БАҚ өкілдері!
Қоғамды еркін ойлы, отаншыл, шындықты айтатын журналистер дамытады. Кәсіби  ұстанымға адал болып, шынайы ақпарат таратып жүрген БАҚ өкілдеріне алғысымыз мол. Біз қоғамға ашықпыз және журналистика саласының дамуына мүдделіміз. 
21 ғасыр – ақпарат ғасыры. Сондықтан еліміз ақпарат толқынынан шет қалмауы керек. Біздің өңірдің журналистері жаңа бағытта ізденіп,  технологияларды меңгеруде. 
Қаламдарыңыз қуатты, еңбектеріңіз жемісті болсын! 
Отбасыларыңызға бақ-береке және шығармашылық табыстар тілейміз!

Нұралхан КӨШЕРОВ,
Түркістан облысының әкімі.

Нұралы ӘБІШОВ,
облыстық мәслихат төрағасы.
Пікір қалдырыңыз