ҰОС ардагерлеріне 5 млн. теңгеден беріледі

Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлағандай, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ҰОС ардагерлеріне 5 млн. теңге көлемінде бір жолғы қаржылай көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, тыл еңбеккерлері және Жеңіске үлес қосқан басқа санаттардағы азаматтарға 50-100 мың теңге аралығында көмек берілмек. Жалпы, Түркістан облысында Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген 3 017 адамға бір жолғы ақшалай әлеуметтік көмек көрсету үшін аудан-қала бюджеті есебінен 212,8 млн. теңге қаралған. 
Түркістан облысынан Ұлы Отан соғысына 140 мыңнан астам азамат аттанып, оның 70 мыңы елге оралды. Оның ішінде 51-і Кеңес Одағының Батыры, 1-еуі Халық Қаһарманы және 8-і дәрежелі «Даңқ» орденінің толық кавалері атағын алған азаматтар. Бүгінгі таңда облыс көлемінде 8 ҰОС ардагері бар. Оларға тек мереке қарсаңында ғана емес, жыл көлемінде түрлі көмектер көрсетіліп, бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. 

Пікір қалдырыңыз