Бас салып балмұздақ жей бермеңіз...

Жаз мезгілдерінде балмұздақ сататындардың саудасы қызады. Ыстықты салқын балмұздақ арқылы басқысы келетіндер кейде оны шамадан тыс жеп, тамағын ауыртып алады. Әсіресе, көшенің әр бұрышында сатылатын жұмсақ балмұздақты дайындау тәсілі әркелкі болғандықтан, оның санитарлық талаптары сақтала бермеуі мүмкін

Жұмсақ балмұздақ фризерден шыға салып дайын болады. Оның консистенциясы нәзік, крем тәрізді. Әдетте жұмсақ балмұздақ жоғары сұранысқа ие болғандықтан, кейде оның дайындалу технологиясы толық сақтала бермейді. Ол арнайы құрғақ қоспалардан жасалады. 
Жұмсақ балмұздақты дайындау барысында қажетті құрғақ қоспаларды қалпына келтіру үшін жаңа қайнатылған кәдімгі суды пайдаланған жөн. Қалпына келтірілген қоспаларды сақтауға болмайды, сондықтан балмұздақ алдын-ала дайындалмай, сатылар алдында  ғана дайындалуы тиіс. Оған шикі жұмыртқа, пастерленбеген сүтті пайдалануға болмайды. Балмұздақ сататын сауда орындары міндетті түрде тиісті мекемелерден рұқсат алуы керек. Сондай-ақ, нысанда жұмысшылардың жеке бас гигиенасын сақтауға арналған жағдайдың болуы, қызметкерлердің санитариялық киіммен қамтамасыз етілуі және жұмыс орнында медициналық байқаудан өткендігі туралы кітапшалары болуы міндетті. Жұмсақ балмұздақ тек арнайы дайындалған орында ғана сатылуы керек. Өнімнің сапасын және қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болуы да міндетті болып саналады. 
Жұмсақ балмұздақ дайындап, сатумен айналысатын кәсіпкерлерге нысандардың жоғарыда көрсетілген санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келуін естен шығармауларын ескертеміз. Сонымен қатар, жуу, тазалау және залалсыздандыру құралдарының болуын, олардың пайдаланылуына қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз.
Жұмсақ балмұздақты көбіне балалар мен жасөспірімдер тұтынатынын және өнімнен улану жағдайы өлімге алып келуі мүмкін екендігін де еске саламыз. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мекемесі мұндай нысандарға ерекше тәртіппен тексеру жүргізбейтіндігін де ескертеміз. Сондықтан тұрғындардан жұмсақ балмұздақты тұтынар алдында аса сақ болуды сұраймыз. Егер балмұздақ сататын дүңгіршектің санитарлық тазалығы немесе дайындалу технологиясы сізге күмән келтірсе, одан ойланбай бас тартқаныңыз жөн. Бұл сіздің денсаулығыңыз бен өміріңізді сақтап қалады!
Балмұздақ тұтынғаннан кейін Сіздің денсаулығыңыз нашарлап, улану белгілері (асқазанның ауырсынуы, құсу, жүрек айну, дене қызуының көтерілуі, т.б.) пайда болған жағдайда, тез арада дәрігердің көмегіне жүгініңіз!

Алдарқұл РАЙЫМҚҰЛҰЛЫ,
Шымкент қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау 
департаменті басшысының орынбасары.                                

2 пікір

  • sonisvbmnm
    sonisvbmnm

    Найдвартай компаниас хэрхэн зээл авсан тухай МИНИЙ МЭДЭЭЛЛИЙГ УНШИЖ УУ Намайг Германаас ирсэн Эрика Фангерау гэдэг, нөхөр маань нас барахаасаа өмнө бидэнд маш их өр үлдээсэн тул би их хэмжээний өрийг хэрхэн төлөх талаар маш их эргэлзэж, бухимдаж байсан. Нэг өдөр би интернетээр явж байхдаа Мариамаас Албакер зээлийн фирм түүнд зээл авахад хэрхэн тусалсан тухай гэрчлэлтэй таарлаа. Тиймээс би зээл хүссэн Компаниас шуудангаар 5 жилийн хугацаатай 120,000 ( albakerloanfirm@gmail.com ).Миний төлөө юу хийснийг дэлхий нийт мэдэхийг хүсч байгаа нь миний хамгийн их гайхшралыг төрүүлсэн нь миний 120,000 еврогийн зээлийг 48 цагийн дотор 2 хувийн хүүтэй баталсан юм. Одоо би нөхрийнхөө өрийг барагдуулж, хувийн амьдрал, бизнесээ эхлүүлсэн. Би тангарагаа л биелүүлсэн. Тиймээс, хэрэв та дор хаяж 2% зээл авахыг хүсч байвал Albaker зээлийн фирмтэй түүний имэйлээр холбогдоно уу ( albakerloanfirm@gmail.com )

  • polkmnoipk
    polkmnoipk

Пікір қалдырыңыз