Форматы өзге форум

Адам болған соң аңдаусызда жаза басып қалатындар кездеспей тұрмайды. Мәселе – жіберген қателіктен сабақ ала білуде. Ал, бұл айтуға ғана оңай. Оның үстіне «түрмеге түскендердің түзелуі қиын» деген санаға сіңісті сыңаржақ пікір әлі сірескен қалпында. Оған дәлелдер жеткілікті. Қазіргі таңда түрмеден шығып, қайта қылмысқа барғандар саны жалпы пробациялық қадағалауда жүргендердің 6,9 пайызын құрайды екен. Демек, пробация қызметін одан әрі жетілдіру, жұмысын жүйелеу, сапасын арттыру керек. Жаза басып, жазасын өтеп шыққан жас жігіттің түрмеден кейінгі де қиын тағдыры, қоғамға бейімделе алмай, тұрақты жұмыс таба алмай жүргендегі ауыр халі, өзіне қол жұмсамақ болған сәті мен оны өлімнен сақтап қалған отбасы мүшелері үшін енді аянбай еңбек етуге бекінген кезі сахналанған театрландырылған көрініс көрерменге ерекше әсер етеді. Айтайын дегеніміз, Төлеби аудандық полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Ғалымжан Қуашбаевтың ұйымдастыруымен өткен «Өшпес үміт – жарқын болашақ» атты тақырыптағы форумда пробацияның осындай проблемалары талқы таразысына түсті. Мұны ерекше форматта ұйымдастырылған басқосу деп бағалауға болады.
Статистикалық деректерге жүгінсек, еліміздегі 20 миллионға жуық адамның 28 мыңы түрме «тұрғыны», ал, көрші Өзбекстан мемлекетінде тұратын 33 миллион азаматтың темір торда отырғандарының саны 20 мыңнан сәл-ақ асады. Салыстырып қарасаңыз, айырмашылық екі есеге жуық. Жиында Төлеби аудандық сотының төрағасы Ғани Байарыстан келтірген осы мәлімет көпшілікке ой тастап кетті.
Әрине, қылмыссыз қоғам қалыптастыру үшін заңның қатал болғаны жөн. Алайда, түрмеге тоғытылғандардың көп болуы елімізге экономикалық тұрғыдан тиімсіз екені өз алдына, халықаралық аренадағы беделімізге де кері әсерін тигізеді. Сол себепті, осындай әсерлі жиындар арқылы қоғамға ой салудың маңызы зор болмақ.
Бұл басқосуға елімізге белгілі өнер майталмандары, Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов, әнші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Нұрлан Өнербаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты Сәуірбай Есжанов арнайы қатысып, маңызды тақырыпты талқылауға белсене атсалысты.
Форумның екінші бөлімі еркін форматта өтті. Тұңғышбай Жаманқұлов бастаған құрметті қонақтар өз ойларын ортаға салып, форумға қатысушылардың сауалдарына жауап берді. Қадірменді қонақтар «шалыс қадам басқандарды шеттетіп, қоғамнан алшақтатуға емес, оларды қоғамға сіңіріп, көмектесу кең жүректі адамның ғана қолынан келеді, соған бәріміз атсалысайық» деген мазмұнда пікірлерін айтты.
«ОҢТҮСТІК»-ақпарат.
sonisvbmnm
Найдвартай компаниас хэрхэн зээл авсан тухай МИНИЙ МЭДЭЭЛЛИЙГ УНШИЖ УУ Намайг Германаас ирсэн Эрика Фангерау гэдэг, нөхөр маань нас барахаасаа өмнө бидэнд маш их өр үлдээсэн тул би их хэмжээний өрийг хэрхэн төлөх талаар маш их эргэлзэж, бухимдаж байсан. Нэг өдөр би интернетээр явж байхдаа Мариамаас Албакер зээлийн фирм түүнд зээл авахад хэрхэн тусалсан тухай гэрчлэлтэй таарлаа. Тиймээс би зээл хүссэн Компаниас шуудангаар 5 жилийн хугацаатай 120,000 ( albakerloanfirm@gmail.com ).Миний төлөө юу хийснийг дэлхий нийт мэдэхийг хүсч байгаа нь миний хамгийн их гайхшралыг төрүүлсэн нь миний 120,000 еврогийн зээлийг 48 цагийн дотор 2 хувийн хүүтэй баталсан юм. Одоо би нөхрийнхөө өрийг барагдуулж, хувийн амьдрал, бизнесээ эхлүүлсэн. Би тангарагаа л биелүүлсэн. Тиймээс, хэрэв та дор хаяж 2% зээл авахыг хүсч байвал Albaker зээлийн фирмтэй түүний имэйлээр холбогдоно уу ( albakerloanfirm@gmail.com )