Рухты оятып, отаншылдықты дәріптеді

Түркістанда 7 мамырда Отан қорғаушылар күні кеңінен аталып өтті.
ҚР ІІМ «Ұлттық ұланының» №5574 әскери бөлімінде өткен патриоттық іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев пен облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов және облыстық полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов қатысып, сардарлар мен сарбаздарды Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толуымен құттықтады.
Мерекелік іс-шарада әскери сала өкілдеріне марапаттар тапсырылып, құрмет көрсетілді.
Рухты оятып, отаншылдықты дәріптеген мерекеде «Ұлттық ұлан» бөлімінің сарбаздары әскери шеру өткізді. Сонымен бірге көпшілікке әскери техникалар көрмесі ұсынылды. Патриоттық әндер шырқалды.
Айта кетейік, былтыр Түркістан облысынан 5 мыңға жуық жас әскерге аттанды. Түркістандықтар биыл да осы көлемде Қарулы Күштер қатарын толықтырады деп күтілуде.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.