Комиссияның алғашқы отырысы өтті

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Т.Усубалиевтің басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі бойынша бүгінде депутаттар тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай уақытша депутаттық комиссияның алғашқы отырысы өткізіліп, онда энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.
Уақытша комиссия жұмысын кәсіпкерлік, құрылыс, инфрақұрылымды дамыту, жер қатынастары және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы С.Көшенов жүргізіп отырды. Халық қалаулылары тұрғындармен кездесулер кезінде анықталған ауыз су, табиғи газ және сапалы электр энергиясымен қамту, аудан, қалаларды абаттандыру, жарықтандыру мәселелері бойынша басқарма басшысына сұрақтарын қойды. Осы мәселелер бойынша тиісті мекеме басшыларын шақыртып, кеңейтілген комиссия отырысын өткізуді ұсынды.
Айта кетейік, уақытша депутаттық топ аудан, қалаларды аралап, анықталған мәселелер бойынша осы мамыр айында арнайы жиын өткізгелі отыр. Зерделеу жұмыстарының қорытындысы кейін сессияда қаралатын болады.