Аққайран жегіңіз келсе, Келеске барыңыз!

Келес ауданында соңғы жылдары балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Ауданның климаттық жағдайы балық шаруашылығы үшін қолайлы. Бүгінде тұрғындар жаңа технологияларды қолдану арқылы балық өсіру саласында елеулі табыстарға қол жеткізуде. Мәселен, Ақтөбе ауылдық округіндегі «Бозсу» шаруа қожалығы 4,8 гектар аумаққа балық өсіріп, өнімдерін ішкі нарыққа шығарып жатыр. 

– Бүгінде балықтың аққайран және сазан түрлерін өсірудеміз. Шабақты Өзбекстаннан және көрші Сарыағаш ауданынан алдық. Бассейнге 1 млн. дана балық уылдырығын тастадық. Балық салмағы 150 грамға жеткенде, оны өзге шаруаларға саудаладық, – деді шаруа қожалығының басшысы. 
Айта кетейік, Келес ауданында балық өсірумен айналысатын кәсіпорындар мен фермерлік шаруашылықтар қатары көбейіп, бұл жергілікті экономиканың дамуында маңызды рөл атқаруда. Оған қоса, жергілікті су айдындарында биологиялық теңгерімді сақтау үшін арнайы шаралар қолға алынған. Алдағы уақытта Келес ауданында балық шаруашылығын одан әрі дамыту мақсатында инвестициялар тартылып, заманауи технологияларды қолдану көзделуде.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір қалдырыңыз