Кәсіпкерлік нысандар заман талабына сай өзгереді

Өңір басшысы Нұралхан Көшеров облыс аумағынан өтетін маңызды автожолдардың бойындағы қызмет көрсету орындары мен кәсіпкерлік нысандарын реттеуді тапсырған болатын. Осыған орай Түркістан – Шымкент, Шымкент – Сарыағаш жолдары бойындағы кәсіпкерлік нысандарды заманауи қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Аталған жол бойындағы кәсіпкерлік нысандарды  толық зерделеу жұмыстары атқарылды. Бірқатарына жөндеу және қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі анықталды. Осыған байланысты облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы» ЖШС және «Ырыс» микроқаржы ұйымы» ЖШС мекемелерінен құрылған жұмысшы топ құрамы жол бойындағы кәсіпкерлік нысан иелерімен кездесулер ұйымдастырды.
Сауран, Ордабасы, Бәйдібек аудандары және Арыс қаласы аумағындағы жол бойындағы кәсіпкерлермен кездесу Қызылкөпір ауылдық округі аумағында, ал, Сарыағаш және Қазығұрт ауданындағы жол бойындағы кездесу Қазығұрт ауданы, Сарапхана ауылындағы Мәдениет үйінде өтті.
Бірінші кезекте кәсіпкерлер күре жолдың бойында салынған нысандарды өз қаржылары есебінен заманауи қалыпқа келтіреді. Оған қосымша қайта қалпына келтіру үшін жеңілдетілген несие қаржысын қарастыру жұмыстары жүргізілуде.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Пікір қалдырыңыз