ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3
наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы»
№826 Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Көшеров
Нұралхан Оралбайұлының Түркістан қаласының тұрғындарымен кездесуі
2025 жылғы 12 наурызда сағат
11.00-де Қ.А.Ясауи
атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің мәдениет үйінде (Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы, №29), жеке қабылдауы сағат
12.00-де «Оқушылар сарайы» ғимаратында
(Түркістан
қаласы, Жаңа қала мөлтек ауданы, 160-квартал №18А) өтетінін хабарлаймыз.
Облыс әкімінің
жеке қабылдауына жазылу үшін 8(72533) 5-98-99,
5-93-97 байланыс телефондары және «Е-өтініш» ақпаратттық жүйесі арқылы 2025
жылғы 10 наурызға дейін сағат 9.00–19.00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00 - 15.00) жүргізіледі.
Тиісті
мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында
өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және
электронды пошта (бар болған
жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.