АЛАР АЛҒЫСЫМЫЗ КӨП БОЛСЫН!

Асыл дініміз Исламда «Адамға алғыс айтпағанның, Аллаға шүкірі жоқ» деп келетін ғибратты сөз айтылады.
Ардақты ағайын!
Баршаңызды 1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесімен құттықтаймын!
Жыл сайын көктемнің алғашқы шуағымен қатарласа келетін бұл мереке биыл қасиетті Рамазан айымен бірлесе кіріп келді. Қазақ халқы жылы сөзді жан азығына балайды, «Алғыс арқалаған арымайды» деген өнегелі ұғымды тәрбие көзі деп бағамдайды. Асыл дініміз Исламда «Адамға алғыс айтпағанның, Аллаға шүкірі жоқ» деп келетін ғибратты сөз айтылады.
Кез келген игі іске, жақсы нәрсеге алғыс айтуды әдетке айналдырған халқымызда «Алғыс – бата» деген ұғым бар. Ұлттың жолын жалғап, өткеннің өнегесін жаңғыртуда «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы өңіріміздегі барлық аудан, қалаларда және облыстық деңгейде «Батагөй қария» байқауын өткізді. «Ардагерлерді ардақтайық!», «Ұлттық мұра» партиялық жобалары шеңберінде өткізілген іс-шарада көпті көрген қарияларымыз елімізге, бейбіт күнімізге, берекелі тіршілігімізге алғыстарын білдіріп, жас толқынға тағлымды тәрбиенің үздік үлгісін көрсетті.
Сондай-ақ, 1 наурыз – тарихымызға партияның қалыптасқан күні болып енді. Елдің ішкі бірлігін сақтауда, ұлттық тұтастықтың кепілі болуда қызмет ететін маңызды конституциялық құрылым – Қазақстан халқы Ассамблеясының да негізі қаланған күн – 1 наурыз саналады. Биыл құрылғанына 30 жыл толып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясы институтын құру туралы идея алғаш мәрте біздің өңірде, Ордабасы биігінде айтылғаны ұлттық шежіремізде таңбаланды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен биыл – Жұмысшы мамандықтар жылын атап отырмыз. Еңбек адамына құрмет – жемісті жұмысқа білдірілген алғыстан басталатыны ақиқат. Бүгінгі мерекелік сәтте «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы өңіріміздегі барлық еңбеккерлерге еліміздің қуатын арттырудағы, берекелі тіршілігімізді қамтудағы қажырлы еңбектеріне шынайы ризашылығын жеткізіп, алғысын білдіреді.
Халықтық болмысқа адал, ұлттық танымға сергек қарайтын Түркістан облысының жұртшылығы берекелі бірлігін сақтай отырып, адамгершіліктің арқауына айналған асыл қасиеттерді қоғам болып ілгерілетеді деп білемін. Осы орайда, азаматтарға жасына қарай ізет білдіру, еңбегіне қарай құрмет көрсету әдетін жалпымызға ортақ әдепке айналдыра аламыз деген сенімдемін.
Мереке құтты болсын! Айтар алғысымыз да, берер жан жылуымыз да көп болсын!
Алтынсары Үмбетәлиев, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, Түркістан облыстық мәслиахатындағы партиялық фракцияның жетекшісі
AMOS JOE
HOW DO I GET A RELIABLE RECOVERY HACKER TO GET BACK MY STOLEN BITCOIN CONTACT THE HACKANGELS WhatsApp 1(520)200-2320+) or shoot them an email at (support@thehackangels.com) They also have a great website at(www.thehackangels.com) I’ve read many stories about THE HACKANGELS how the expert is helping people recover their funds after losing them to scammers. It is indeed surprising to know you can recover all lost bitcoin back from scammers or any fake investment site. I used to be a victim of an online trading platform where I invested about $875,000 worth of Btc and lost everything. They helped me get my stolen funds back, they are the best, I can assure you a swift and competent job with them. If you're in London, you can even visit them at their office located at 45-46 Red Lion Street, London WC1R 4PF, UK. They’re super helpful and really know their stuff! Don’t hesitate to reach out if you need help!