«Мәңгілік ел»

Дилара БИМЕНОВА,
«Оңтүстік Қазақстан».

Республикалық күйшілер одағының мүшесі, күйші-сазгер Қасымбек Сарымбетовтің таяуда «Мәңгілік ел» атты кітабы жарық көрді. 

Күй өнерінде өзіндік орны бар Қасымбек Әбдіхалықұлының 56 күйі, 2 музыкалық поэмасы мен 100-ден астам әні бар. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессоры, академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің профессоры Ө.Губайдуллин күйлер мен олардың шығу тарихы және музыкалық шығармалар нотасымен жинақталған кітапқа: «Бұл құбылыс өзі тектен-тек емес. Ол Қасымбек інімізге қонған бақыт деп есептеймін. Сондықтан осы бақытты бағалау керек. Күйлерді барлық ақпараттық құралдар арқылы халыққа жеткізу қажет. Бұл Қасымбектің қазақ өнеріне қосқан сүбелі үлесі деп білемін» деп бағасын беріпті.
«Мәңгілік ел» кітабы ұлтымыздың дәстүрлі күй өнерін зерттеушілерге, домбырашыларға, халық-аспаптар оркестрі өнерпаздарына, музыкалық оқу орындарының шәкірттеріне, жалпы музыка сүйер қауымға арналған. Кітапты қолына алған кез келген оқырман QR код арқылы ондағы күйлерді тыңдай алады. Қазақтың күйіне шөліркеп жүрген болсаңыз, онда «Мәңгілік ел» кітабын бір парақтап шығарсыз...
Пікір қалдырыңыз