Ұрланған қару-жарақтар табылды

KAZINFORM. 2025 жылдың басынан бастап Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп қаруды іздестіру және заңсыз айналымнан алу бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.
Нәтижесінде 8 «Калашников» автоматы, 25 тапанша, 23 мылтық, 17 граната, әртүрлі калибрдегі 1521 оқ-дәрі табылды және тәркіленді. 
ҰҚК баспасөз қызметі көрсетілген қару-жарақтардың төртеуі Қаңтар оқиғалары кезінде ұрланғаны анықталғанын мәлімдеді.
Осы фактілер бойынша жедел тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. 

Пікір қалдырыңыз