Мобильді аударымдар бақылауда болады

Бұл заңсыз кәсіпкерлік қызметтің алдын алуға және заңсыздықты жоюға бағытталған.
Биылғы жылдан бастап кіріс мекемелерінебанктерден жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары және олардың жұбайларының мобильді аударымдары бойынша 2024 жылғы ақпараттарұсынылады. Аталған іс-шара жасырын кірістер мен тіркелмеген кәсіпкерлерді анықтауға бағытталған. Себебі көптеген кәсіпкер тауар, жұмыс немесе қызмет үшін төленген ақыныкәсіпкерлік қызметке арналмаған жеке шоттарға мобильді аударымдар арқылы қабылдайтыны жиі кездеседі.
Бұдан бөлек, қолданыстағы өлшемшарттан жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқығы бар тұлғаларды алып тастау бойынша өзгерістер енгізіліп жатыр. Сондай-ақ, өлшемшартты «бір жеке тұлғаның қатарынан күнтізбелік үш айдың әрқайсысының ішінде жүз және одан да көп әртүрлі тұлғалардан банк шотына жалпы сомасы 3 ЕТЖ-ден асатын ақша қаражатын алуы» деп қабылдау ұсынылады.
Мемлекеттік кірістер мекемелерінің мәлімдемесіне сүйенсек, мобильді аударымдарды бақылау заңсыз кәсіпкерлік қызметтің алдын алуға және заңсыздықты жоюға бағытталған.
Айта кетсек, қазіргі таңда өлшемшарт – бір жеке тұлғаның қатарынан күнтізбелік үш айдың әрқайсысында әртүрлі тұлғалардан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған банк шотына жүз және одан да көп рет қаражат алуы болып саналады.