Сербия – Қазақстан: экономикалық ынтымақтастық тереңдей түседі

KAZINFORM.  Осы аптада Белградқа ресми сапармен барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия президенті Александр Вучичпен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Кездесуге екі ел делегациялары қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.  

Мемлекет басшысы шағын құрамда мазмұнды келіссөз жүргізгені, сондай-ақ Қазақстан тарапына қонақжайлық танытқаны үшін Александр Вучичке ризашылық білдірді.
Сербия Президенті Александр Вучич арнайы келгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, екіжақты байланысты одан әрі нығайту тұрғысынан бұл сапардың стратегиялық мәні зор екеніне тоқталды. Сонымен қатар аймақтағы және халықаралық аренадағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға негіз болатын өзара тиімді байланысты дамытудың маңызына назар аударды.
Кездесу барысында мемлекеттер басшылары сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты тереңдету мәселелеріне баса мән берді.
Президенттер екі ел арасындағы тауар айналымы өсімін жоғары бағалады. Осы орайда қазіргі әлемдегі геосаяси және экономикалық жағдай ынтымақтастықты жандандыра түсуді қажет ететінін атап өтті.
Бұдан соң Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия Президенті Александр Вучичпен бірге Белград маңындағы «Батайница» аэродромына қойылған әскери-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының көрмесін аралады. 
Сербия – әскери мақсаттағы тауарлардың экспорты бойынша аймақтағы көшбасшы ел. Қазір Сербияның қорғаныс өнеркәсібі өнімдері әлемнің 70 мемлекетіне, соның ішінде БАӘ, Сауд Арабиясы, АҚШ, Болгария, Индонезия сияқты елдерге жеткізіледі.
Көрмеде құрлық әскерінің жауынгерлік техникаларының, сербиялық қару-жарақпен жабдықталған тікұшақтардың, әуе қорғанысы жүйелерінің, атыс қаруларының, артиллериялық және басқа да оқ-дәрілердің, миналар мен минометтердің үлгілері ұсынылған.
Сербияның осы бағыттағы мол тәжірибесі Қазақстанның қорғаныс әлеуетін нығайтуға ықпал ете алады.

1 пікір

  • John Lucas
    John Lucas

    A LEGITIMATE CRYPTO RECOVERY EXPERT // THE HACK ANGELS Meet the hackers who can help get your crypto life savings back. A few months ago, I found myself in a precarious situation when I fell victim to a deceptive trading platform. I lost £989,000 to a fraudulent cryptocurrency investment broker I discovered on Facebook. I was scammed multiple times by individuals who promised to recover my lost funds but only added to my distress. When I found myself in a desperate situation after losing £989,000 to a fraudulent cryptocurrency investment broker. I was devastated. I reached a point where I was unsure if there was any hope left. It was then that I confided in a close friend who noticed my struggle and offered to help. He introduced me to a crypto recovery group known as HACK ANGELS. One of the best decisions I ever made was reaching out to THE HACK ANGELS to help me resolve my issue. But thanks to THE HACK ANGELS I recovered a significant portion of my losses. Their expert team worked tirelessly to trace and retrieve my funds, keeping me updated every step of the way. I cannot thank them enough for their assistance. If you ever find yourself in need of cryptocurrency recovery services, I wholeheartedly recommend reaching out to THE HACK ANGELS They are trustworthy, reliable, and undoubtedly the best in the business please contact them on email below: WhatsApp (+1(520)200-2320 ), or shoot them an email at (support@thehackangels.com) They also have a great website at (www.thehackangels.com)

Пікір қалдырыңыз