МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ КӨРСЕТІЛУ ТӘРТІБІН САҚТАМАУ ФАКТІЛЕРІ ОРЫН АЛҒАН

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті бекітілген жоспарға сәйкес, қызмет беруші мекемелерге жоспарлы тексеру жүргізді.

 


«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 27-1 бабына сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектілерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауы тұрғысынан жүргізілетін жоспарлы тексеру.

 

«Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидасына сәйкес, қызмет көрсетуші 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап ұсынуға міндетті (ҚР АШМ 1.10.2020ж. № 301 бұйрық).

Осы Қағиданың 6 және 7-тармақтарына сәйкес, Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 15 (он бес) минут ішінде осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілетін құжаттарды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оны алмастыратын адамға береді. Әрі қарай, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оны алмастыратын адам 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының мазмұнымен танысады, қарар қояды және жұмыс үшін жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға және жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшесіне береді.

Бұл тұста, , қызмет көрсетуші мекеме қызмет алушылардың өтініштерін қағаз жүзінде кеңсе арқылы қабылдау барысында өтініштің берілу күнін толтырмау тәжірибесін қолданған.

Яғни, өтініштердің берілу күні айқындалмауына байланысты, қызмет көрсетуші қызмет көрсету рәсімдерін жүргізуді Қағида талаптарында белгіленген уақыттарда орындауын қамтамасыз етпеген.

Бұл тұста, Департамент жүргізілген жоспарлы бақылау нәтижесімен анықталған бұзушылықтарды болдырмау және алдағы уақытта алдын алу мақсатында ұсыныс берілді.

Қазіргі таңда, Департаменттің ықпалымен аталған бұзушылықтар жойылып, қызмет алушыларға қолданыстағы Қағидаға сәйкес қызмет мерзімінде көрсетілуде.  

 

Дархан Суртеков

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес төрағаланың меңгерушісі

Пікір қалдырыңыз