Киберқауіпсіздік басты назарда
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы мен TSARKA
арасында меморандумға қол қойылды
«Азаматтарға
арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы киберқауіпсіздік саласындағы жетекші
компания - TSARKA-мен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылғанын
жариялады. Бұл келісім ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыруға және
Мемлекеттік корпорацияның ақпаратын қорғауға бағытталған.
Әріптестік аясында TSARKA ақпараттық жүйелердегі осалдықтарды анықтау
және жою мақсатында Tumar.One платформасынан зерттеу және тестілеу жүргізу үшін
баг-хантерлерді белсенді түрде тартады.
Баг-баунти платформасы – тәуелсіз
киберқауіпсіздік зерттеушілері бағдарламалық қамтамасыз етуді тестілеу және
анықталған осалдықтар туралы хабарлау мүмкіндігіне ие болатын инновациялық
модель.
«Меморандумға қол қою – екі ұйымның киберқауіпсіздіктің жоғары
стандарттарын ұстанатынын, мемлекеттік сонымен қатар жеке құрылымдар арасындағы
серіктестіктің маңыздылығын растайды. Бұл қадам қауіпсіздікті үздіксіз
бақылауды қамтамасыз етіп, мемлекеттік басқару жүйесіне азаматтардың сенімін
арттыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті TSARKA Group президенті Олжас
Сәтиев.
«Цифрлық дәуірде деректер
қауіпсіздігін қамтамасыз ету – біздің қызметіміздегі негізгі аспектілерінің
бірі. Серіктестер бағдарламалық қамтамасыз етуді тестілеп, осал тұстардың
анықталғаны туралы хабарлап отырады. Біз өз тарапымыздан бұзушылықтар,
рұқсатсыз қолжетімділік және басқа да қауіптерді болдырмау үшін кешенді шаралар
қабылдаймыз. Бұл Мемлекеттік корпорацияның деректерді қорғауды күшейтіп,
олардың құпиялылығына кепілдік беруіне мүмкіндік береді», – деп қосты «Азаматтарға
арналған үкімет» Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Арман Кенжегалиев.
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік
корпорациясы мен TSARKA арасындағы ынтымақтастық барлық азаматтар мен ұйымдар
үшін қауіпсіз цифрлық ортаны құрудағы маңызды қадам болмақ.