2025 жылы инфляция төмендей ме?

KAZINFORM. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов келесі жылғы инфляция динамикасына қатысты түсінік берді.
«Инфляция динамикасы Ұлттық банктің болжамына сәйкес келеді. Жалпы инфляцияның төмендеуі – ұстамды қатаң ақша-кредит саясатына және Үкіметтің инфляцияға қарсы шараларына байланысты. Осы орайда Ұлттық банк биыл жыл басынан бері базалық мөлшерлемені төрт рет төмендетті. Осылайша базалық мөлшерлеме 15,75%-дан 14,25%-ға дейін төмендеді» деді Тимур Сүлейменов Мәжілістің жалпы отырысында 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджетті талқылау барысында. 
Сонымен қатар, Тимур Сүлейменов инфляцияға қатысты болжам жасағанда тәуекелдер қатар жүретінін айтып отыр. 
«Біздің болжам бойынша 2025 жылы инфляция 5,5-7,5% дәлізінде қалыптасады. 2026 жылы таргетке жақындап, 5%-дан 7%-ға дейінгі аралықта болады деп болжап отырмыз» деді ол.
Пікір қалдырыңыз