ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МЕРЗІМДЕРІ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ БҰЗЫЛЫП КЕЛГЕН

Қызмет көрсетуші мекеме нормативтік құқықтық актілер талаптарын дұрыс қолданбау салдарынан мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін тұрақты түрде кешіктіріп ұсынған.


Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің жоспарына сәйкес, қызмет беруші мекемелерге жоспарлы тексеру жүргізілді.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңының 27-1 бабына сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектілерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауы тұрғысынан жүргізілетін жоспалы тексеру . Нәтижесінде, қызмет көрсетуші мекеме нормативтік құқықтық актілер талаптарын дұрыс қолданбау салдарынан мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін тұрақты түрде кешіктіріп ұсынған. Мәселен, «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау» мемлекеттік қызметін көрсету мерзімі -  күнтізбелік 15 (он бес)  күн. Сондай-ақ, аталған  мемлекеттік қызметті көрсету түрі – қағаз түрінде, яғни кеңсе арқылы көрсетіледі.

Дегенмен, аудан тұрғындары жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтінідігін анықтау үшін «Е-otinish» ақпараттық жүйесі арқылы өтініш берген. Айта кету қажет, Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік-Процестік Кодексінің 76-бабына сәйкес, жолданымды қарау мерзімі 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды. Бұл жерде, нормативтік құқықтық актіде 15 күнтүзбелік күн, ал Кодексте 15 жұмыс күн болуына байланысты қызмет көрсету мерзімінде біршама сәйкессіздіктер болуда. Бұл тұста, департамент жүргізілген жоспарлы бақылау нәтижесімен анықталған бұзушылықтарды болдырмау және алдағы уақытта алдын алу мақсатында ұсыныс берілді.

Қазіргі таңда, департаменттің ықпалымен аталған бұзушылықтар жойылып, нәтижесінде бүгінгі күнге дейін 300-ге жуық қызмет алушыларға қолданыстағы қағидаға сәйкес қызмет мерзімінде көрсетілуде.  

Дархан СҮРТЕКОВ,

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары,

Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі.








Пікір қалдырыңыз