ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ БОЙЫНДАҒЫ КЕРАМИКА ӨНДІРІСІ ЖӘНЕ АҒАШ ҰҚСАТУ ӨНЕРІ

Дәстүрлі және қолданбалы қолөнер қазынасын ұштастыра отырып дамыту, оның ішінде керамика өндірісі мен ағаш ұқсату өнерін насихаттау әрі ішкі туризмді өркендетіп, келген саяхатшыларға қолайлы жағдай жасау.

2024 жылғы 24-25 қыркүйекте  ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі және Отырар ауданы әкімдігінің қолдауымен, «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК-ның  ұйымдастыруымен ұлттық мәдениет пен мұраны қорғау, қалпына келтіру және насихаттау бағытында   «Ұлы Жібек жолы бойындағы керамика өндірісі және ағаш ұқсату өнері» тақырыбында республикалық  қолөнер шеберлері жәрмеңкесі өтті.



Шараны ұйымдастырудағы басты мақсат:  дәстүрлі және қолданбалы қолөнер қазынасын ұштастыра отырып дамыту, оның ішінде керамика өндірісі мен ағаш ұқсату өнерін насихаттау әрі ішкі туризмді өркендетіп, келген саяхатшыларға қолайлы жағдай жасау. Сонымен бірге қолөнершілердің шеберлік сабақтары арқылы бір-бірімен тәжірибе алмасуына жағдай жасау.

Жәрмеңкенің ашылу салтанатында  Отырар ауданының әкімі орынбасары Құлмаханов Айдос Құлмаханұлы және «Отырар» мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің директоры  Жандосов  Айбек Кыстаубаевич алғашқы құттықтау сөзін сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тілеп, ыстық ықыласын білдірді.

Жәрмеңкенің қадірлі қонағы ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстан қолөнершілер одағының мүшесі, музей ісінің ардагері Бекталиева Рыскүл Іскендірқызына және «Қылует» этномузейінің негізін қалаушы, ҚР Дизайнерлер және суретшілер одағының мүшесі, этно-дизайншы Қарабдалов Кендебай Әбжаппарұлына құттықтау сөз беріліп, жәрмеңкеге келген қонақтарға өз алғыстарын жеткізіп, аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханұлымен бірге ашылу салтанатының лентасын қиды.



Сайысқа қатысушы шеберлердің туындыларына баға беретін қазылар алқасының мүшелері:

Қазылар алқасының төрағасы:

1.      Қазақстан Республикасы Мәдениет қайраткері, Қазақстан қолөнершілер одағының мүшесі, музей ісінің ардагері Бекталиева Рыскүл Іскендірқызы.

2.      «Қылует» этно-музейінің негізін қалаушы, ҚР Дизайнерлер және одағының мүшесі, этно-дизайншы Қарабдалов Кендебай Әбжаппарұлы;

3.      Отырар аудандық Мәдениет, Тілдерді дамыту, Дене шынықтыру және Спорт бөлімінің басшысыт Сағынтай Құттыбай;

4.      Тұран-қазақ суретшілер консолидациясының мүшесі, Қазақстан Республикасы  «Мәдениет саласының үздігі»,  белгілі суретші    Мәлік Әділхан Табылханұлы;

5.      «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары Шоқай Ералы Төлендіұлы қазылар алқасына мүшелік етті.


Шара барысында, әділқазылар алқасы шешімімен еліміздің барлық аймақтарынан жиналған 30-дан астам керамика және ағаш ұқсату өнерінің хас шеберлерінің қолөнер бұйымдарымен танысып, әділ баға беріп, ең үздік деп танылған қатысушыларға жүлделі орындарды табыстады. Қатысушылар екі бағыт бойынша «Жас дарын», «Ең креативті шебер», «Асыл ұстаз» номинацияларымен марапатталып,  жүлделі орындармен, сертификаттар, ынталандыру сыйлықтарын иемденді.



Нәтижесінде, Керамика өндірісі бағыты бойынша жүлдегерлерді Отырар ауданы әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханұлы құттықтады. Атап айтқанда, жүлделі III орынды - Умирбаева Парида (Абай облысы); жүлделі II орынды - Ерімбетов Жанұзақ (Түркістан облысы); I орынды - Рысбаев  Абайхан  (Түркістан облысы) иеленді. Ал бас жүлде Бабашов Даниярға (Алматы облысы) табысталды.


Сондай-ақ, Ағаш өңдеу бағыты бойынша жүлделі III орынды – Қалдарбеков Анарбай (Түркістан облысы); жүлделі II орынды – Сәдірбеков Қожабек (Шымкент қаласы); I орынды – Күнқожаев Гауһарбек  (Түркістан облысы);бас жүлдені – Әуелбеков Яқия  (Шымкент қаласы) иеленді. Оларға марапаттарын ҚР Мәдениет саласының үздігі, музей майталманы Бекталиева Рыскүл Іскендірқызы табыстады.

Жәрмеңке соңы концерттік бағдарламаға ұласып, көтеріңкі көңіл күйде тарқасты. Әрмен қарай, «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы тарапынан қонақтар мен қатысушыларға өңіріміздің тарихи-мәдени орындарын аралап, экскурсия ұйымдастырылатын болады.



Бір тәулікке созылған республикалық жәрмеңкенің жабылу салтанатында қатысушы қолөнершілер «Ең креативті шебер», «Жас дарын», «Асыл ұстаз» номинациялары және жүлделі орындармен марапатталып, арнайы «Отырар» музей-қорығының ұсынған ынталандыру сыйлықтарында иемденді.

«Оңтүстік»-ақпарат.


Пікір қалдырыңыз