«Текті төрім – Түлкібас»

Түркістан қаласында «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Түлкібас ауданының мәдени күндері өтті. Этноауыл аумағына ауданнан шыққан танымал ақын-жазушылардың кітап көрмесі қойылып, жиылған қауым аймақ мәдениетімен кеңінен танысты. 

Сондай-ақ, суретшілер мен қолөнер шеберлерінің жасаған бұйымдары, ауылшаруашылығы өнімдері және ұлттық тағам түрлері көрме-жəрмеңкеде халыққа ұсынылды. Қалаға келуші туристер мен фестивальға қатысушылар ұлттық астан дәм татып, ризашылықтарын білдірді.
Шараның бірінші күні «Ата ұлды, ана ұлтты тəрбиелейді» атты салт-дəстүр, əдет-ғұрыптарды дәріптейтін қойылымдар көрсетілді. Сонымен қатар көрермендер терме, халық əндері мен дəстүрлі əндерден тұратын концерттік бағдарламаларды тамашалады. «Мақталы» халық театры Мархабат Байғұттың «Машаттағы махаббат» повесінің желісі бойынша музыкалық-сахналық қойылымды көпшілік назарына ұсынды.
Мәдени шараның екінші күні Этноауыл аумағында ұлттық спорт ойындарынан жарыстар қызып, ұлттық тағамдар көрме-жəрмеңкесі өтті. Кешкісін «Керуен сарай» туристік кешенінде «Текті төрім – Түлкібас» атты аудан өнерпаздарының гала-концерті өтті. 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

1 пікір

  • Alicia Endre
    Alicia Endre

    HOW TO FIND AND RECOVER YOUR STOLEN BITCOIN I’m writing to the public to provide knowledge about Lost Recovery Masters. Look no further if you ever demand hacking services, When I lost more than $150,000 USD in bitcoin, individually I found myself in a challenging situation, I was inconsolable and believed I had reached my lowest point, I had no hope of getting my invested money back. All that changed when I discovered Lost Recovery Master and everything was transformed. The company intervened and helped me get all my money back within a short period of time. Their services are well recommended and they ensure maximum satisfaction to their clients. You can contact them via Website: (https://lostrecoverymasters.com/) Whatsapp (+44(7537-105921) Support Email (Support@lostrecoverymasters.com)

Пікір қалдырыңыз